Басты жаңалықтар Соңғы жаңалықтар

Елордалық қызметкерлер 316 млн теңге жымқырған

505050505505

Елордалық кәсіпорын қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталуда, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша елордадағы акционерлік қоғамдардың бірінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі тергеуде.

Тергеу барысында анықталғандай, АҚ мен басқа кәсіпорын арасында электр кабельдерін сынауға арналған екі электротехникалық зертхананы жеткізуге мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшарт жасалған.

Алайда, аудиторлық тексеріс барысында аталған зертханалар техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтіні белгілі болды.

«Мемлекетке келтірілген залал сомасы 316 млн теңгеден асады. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағына (Аса ірі көлемде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде», – деді ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметінен.

Қатысты жаңалықтар

БАЛУАННЫҢ ШАҢЫРАҒЫ ШАҒЫН МУЗЕЙГЕ АЙНАЛДЫ

Bastynews

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: ЗАҢ МЕН ТӘРТІП, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ, ҚОҒАМДЫҚ ОПТИМИЗМ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНАН

bastynews

ЗА ТРИ ГОДА В ГОРОД ШЫМКЕНТ ПРИВЛЕЧЕНО БОЛЕЕ 1 ТРЛН ТЕНГЕ ИНВЕСТИЦИЙ

Bastynews

Пікір қалдыру