Басты жаңалықтар

ТАШКЕНТТЕ ЖАЗУШЫ МАРХАБАТ БАЙҒҰТТЫҢ ЖАҢА ЖИНАҒЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Ташкент қаласында қазақ классигі Мархабат Байғұттың өзбек тілінде жарық көрген «Ким ошди савдоси» атты жаңа әңгімелер жинағының тұсаукесері салтанатты түрде өтті. Әдеби шараға қаламгердің жары Қыздаркүл Пернебайқызы, «Мархабат Байғұтқа 80 жыл» жобасының жетекшісі, журналист Ғалымжан Елшібай, драматург-әдебиетші Сая Қасымбек, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айдар Сейдазым, сондай-ақ өзбекстандық зиялы қауым өкілдері арнайы қатысып, жазушы шығармашылығына деген құрметтерін білдірді.

Іс-шара барысында қатысушылар Мархабат Байғұттың қазақ руханиятындағы орны мен әдеби мұрасының ерекшелігін, жазушының өмір жолы мен шығармашылық әлеміне қатысты тың деректерді, естеліктер мен жүрекжарды лебіздерді естіді. Шара барысында қатысушыларға «Мархабат» журналы мен «Markhabat.kz» әдеби порталы таныстырылып, қаламгер мұрасының заманауи форматта насихатталуы, жаңа буын оқырмандарға жеткізілу жолдары жөнінде пікір алмасу өтті.

Жоба жетекшісі Ғалымжан Елшібай өз сөзінде бұл тұсаукесердің тек бір кітаптың жарық көруі емес, әдебиетке деген ілтипаттың, түркі халықтары арасындағы мәдени байланыс пен шығармашылық ынтымақтастықтың көрінісі екенін атап өтті. Оның айтуынша, шара екі ел әдебиетінің арасын жақындатып, өзара құрмет пен рухани сабақтастықты нығайтуға қызмет етеді. Бұл іс-шара мәдени көпірдің нақты үлгісі болып, екі елдің зиялы қауымдары арасындағы ынтымақтастықтың жемісті нәтижесі ретінде бағаланды.

Бастамаға қазақ-өзбек зиялы қауымдарының арасындағы алтынкөпір болып жүрген «Ижодкор» әдеби бірлестігінің құрметті төрағасы Абдирахим Пратов пен бірлестіктің қазіргі төрағасы Закиржон Муминжонов мұрындық болды. «Ижодкор» әдеби бірлестігінің атынан Өзбекстан Жазушылар Одағының төрағасы, әйгілі ақын Сирожиддин Саййид бастаған бірнеше өзбекстандық қаламгерге «Мархабат Байғұттың туғанына 80 жыл» жобасына қосқан үлестері үшін Алғыс хаттар мен сый-сыяпаттар табысталды.

Тұсаукесердің ерекшелігі сол болды: ол екі ел арасындағы әдеби байланыстарды нығайтып, жаңа әдеби тәжірибе алмасу үшін мүмкіндік берді. Сонымен қатар, шараға қатысушылар шығармашылық ынтымақтастықты кеңейту, жаңа әдеби жобаларды іске асыру және қазақ-өзбек мәдениетінің даму жолдарын талқылау жөнінде ой бөлісті.

Мархабат Байғұттың шығармашылық мұрасы бүгінгі таңда тек Қазақстанда ғана емес, көршілес Өзбекстанда да кеңінен танылып, жаңа буын оқырмандар үшін рухани азыққа айналуда. Жиналған қауым оның шығармаларының ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы және түркі халықтары арасындағы мәдени сабақтастықты сақтау мен дамытудағы рөлін жоғары бағалады.

Қатысты жаңалықтар

Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана » справедливый Казахстан: Закон и порядок, экономический рост, общественный оптимизм»

bastynews

«Бөлінген ақша қайда?»: Мамин тез халыққа есеп берсін

Bastynews

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: ЗАҢ МЕН ТӘРТІП, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ, ҚОҒАМДЫҚ ОПТИМИЗМ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНАН

bastynews