Соңғы жаңалықтар

Ақсуда балконмен бірге құлап кеткен әйел көз жұмды

Балкон

28 тамызда металл қоршаулары сынған балконмен бірге құлаған ер адам мен әйел қалалық орталық ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Azatmedia.kz

Ақсу қаласында ер мен әйел балконнан құлап, ауруханаға жеткізілді. Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне әйелдің қайтыс болғанын хабарлады.

28 тамызда металл қоршаулары сынған балконмен бірге құлаған ер адам мен әйел қалалық орталық ауруханаға жеткізілді.

Оқиға зардап шеккендердің өз үйінде болған. 27 жастағы әйел есін жимастан қайтыс болды.

Ал бір күннен кейін Екібастұз ауруханасына 37 жастағы жергілікті тұрғын жатқызылды, ол бесінші қабатта орналасқан пәтерінің балконынан абайсызда құлап кеткен.

Жазатайым оқиға фактілері бойынша сот-медициналық сараптама тағайындады, деп хабарлады полиция.


Қатысты жаңалықтар

Ең бай 50 адамның дәулеті ел халқының жартысы жиған байлыққа тең

Bastynews

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР ҒАСЫР КУӘГЕРЛЕРІН «ҚАРТТАР КҮНІ» МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

bastynews

Қазақстан кедей елдерге 500 миллион доллар көмек көрсеткен

Bastynews

Пікір қалдыру