Соңғы жаңалықтар

Қазақстан кедей елдерге 500 миллион доллар көмек көрсеткен

Қазақстан соңғы 20 жыл ішінде Орталық Азия мен Ауғанстанға жарты миллиард доллар көлемінде ресми және гуманитарлық көмек көрсеткен, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы Malim.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы М.Тілеуберді БҰҰ-ның 75-сессиясы аясында өткен кедейшілікті азайту және Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығы бойынша  БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі отырысына бейнеконференция арқылы қатысқанда айтқан.

«Қазақстан Оңтүстік-Оңтүстік форматындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша жаһандық күш-жігерді толықтай қолдайды. Соңғы 20 жыл ішінде еліміз негізінен Орталық Азия мен Ауғанстанның экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған 500 млн АҚШ долларынан астам сомаға дамуға ресми көмек пен гуманитарлық көмек көрсетті. Бұл жұмысты жүйелендіру үшін KazAID арнайы ұлттық агенттігін құру бойынша жұмыс жүргізілуде», – делінген сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Қатысты жаңалықтар

«Бұл жағдай туралы айтудан ұялдым» – Роза Рымбаева неден қысылып жүр?

Bastynews

Сәләфизм құрдымға жетелейді

Bastynews

Мұхамеджан Тазабек «сәләфи» дегендерге жауап берді

Bastynews

Пікір қалдыру