Ақпарат

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

AzatMedia. Биыл қасиетті Құрбан айт мерекесі 31 шілде мен 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келеді.
Осы орайда, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қала аумағында мал союды ұйымдастыруға, автокөліктерде және жеке үй иеліктерінде мал сатуға тыйым салынады. Сондай-ақ, мал сою цехтарының және мал сату базарларының жұмысы тоқтатылады.

Азаматтардың құлшылық амалға деген ниетін орындау мақсатында онлайн құрбан шалу тәжірибесі іске асады.

Ол үшін азаматтар Qurban2020.kz сайтында құрбандық шалу үшін өздері онлайн тапсырыс бере алады. Қазақ және орыс тілдерінде қызмет көрсететін жаңа сайттың көмегімен қала тұрғындары құрбандық малын таңдап, төлем жасауға мүмкіндігі бар.

Осы бағытта құрбандық шалу рәсімінің бекітілмеген орындарда жүзеге асырылмауын арнайы жергілікті тәртіп сақшылары мен санитарлық – эпидемиологиялық қызмет мамандары қадағалайтындығын ескертеміз.

Өз жақындарыңыз бен туыстарыңыздың өміріне қауіп төндірмей, барлық талаптарды сақтанып жүруге шақырамыз.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН 1 МЫҢНАН АСТАМ ЭЛЕКТР БАҒАНАСЫ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

bastynews

Нұр-Сұлтаннан Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы құспен соқтығысып қалды

Bastynews

Глава государства выступил на Третьей конференции Организации Объединенных Наций по развивающимся странам, не имеющим выхода к морю

bastynews

Пікір қалдыру