Ақпарат

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА КОММУНАЛДЫҚ САЛАҒА ЖАҢА ТЕХНИКАЛАР БЕРІЛДІ

Түркістан облысында экологияны жақсарту, санитарлық тазалықты күшейту және қалалар мен аудан орталықтарындағы коммуналдық қызмет жұмысын жаңа деңгейге көтеру бағытында ауқымды шаралар жалғасуда. Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы маңызды рөл атқарып келеді. Бағдарламаның басты мақсаты — әрбір өңірде тұрмыс қалдықтарын жинауды жүйелеу, экологиялық мәдениетті арттыру, жасыл аймақтар санын көбейту, сондай-ақ қоғамдық жауапкершілікті күшейту.

Осы бастамаларды жүзеге асыру бағытында Жетісай ауданында да ілкімді жұмыстар атқарылуда. Өткен жылы жетісайлық кәсіпкер әрі меценат Бахаридин Абдазмимовтың демеушілігімен құны 55 млн теңгені құрайтын заманауи коммуналдық техникалар алынған болатын. Бұл – ауданның санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге жан-жақты қолдау көрсеткен азаматтық үлгінің жарқын мысалы.

Ал биыл бұл бастама одан әрі жалғасын тауып, облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен облыстық бюджеттен 272 млн 250 мың теңге қаржы бөлініп, Жетісай ауданының коммуналдық шаруашылық саласына қажетті 16 жаңа техника сатып алынды.

Арнайы техникаларды коммуналдық сала мамандарына салтанатты түрде табыстаған аудан әкімі Серік Мамытов бұл қолдаудың ауданның санитарлық ахуалын жақсартуға елеулі үлес қосатынын атап өтті.

«Мемлекет басшысының бастамасын қолдап, сенбілік жұмыстарына атсалысып жүрген барша тұрғындарға алғыс айтамын. Мемлекеттің қолдауымен алынған бұл техникалар коммуналдық қызмет сапасын арттырып, еңбек өнімділігін жаңа деңгейге көтереді. Ауданның тазалығын сақтауда тұрғындар мен жергілікті әкімдіктердің бірлескен еңбегі маңызды. Алдағы уақытта салаға тағы 13 трицикл сатып алуды жоспарлап отырмыз», — деді аудан әкімі.

Жетісайда санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Өткен жылы «Таза Қазақстан» акциясы аясында 35 сенбілік өткізілсе, биыл жыл басынан бері 96 мыңға жуық адам және 280 техника жұмылдырылған 75 ауқымды сенбілік ұйымдастырылған. Соның нәтижесінде 680 тонна қоқыс шығарылған.

Сонымен қатар республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойына экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында «Таза Қазақстан» тақырыбында 10 баннер, тазалыққа үндеу ретінде 4 баннер орнатылды.

Жетісай ауданындағы бұл бастама – өңірдің экологиялық мәдениетін күшейтуге, елді мекендердің тазалығын сақтауға және коммуналдық қызмет сапасын көтеруге бағытталған жүйелі жұмыстың көрінісі. Жаңа техникалар жергілікті саланың тиімді жұмыс істеуіне оң ықпал етіп, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға қызмет ететін болады.

Қатысты жаңалықтар

Сарыағаш: Жемісті аулдық округінде тұрғындарға екпе салу 96 пайызға орындалған

Bastynews

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» атты ғылыми-практикалық конференцияда сөз сөйледі

bastynews

ZHANIBEKOV UNIVERSITY-ДЕ ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ДАМУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ: БАҒАЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ МЕН EDTECH ИНТЕГРАЦИЯСЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛДІ

bastynews