2025 жылдың алғашқы жартысында Шымкент қаласында білім беру саласы қарқынды даму мен қайта жаңғырту кезеңін өткеріп жатыр. Қаланың барлық деңгейдегі білім беру мекемелерінде ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Қалада 634 балабақша жұмыс істейді, оның 71-і – мемлекеттік. Қазіргі уақытта №97 «Ақмарал» балабақшасында күрделі жөндеу жүріп жатыр. 71 балабақшада 19 225 бала тәрбиеленуде, алайда 4 мекемеде меңгеруші лауазымы бос тұр.
1-сыныпқа 27 546 оқушы қабылдануы тиіс болса, бүгінге дейін 21 531 өтініш тіркелді (78%). Қазақ сыныбына – 13 211, орыс сыныбына – 4821, өзбек сыныбына – 3499 оқушы қабылданды.
10-сыныпқа 13 000 оқушы қабылдануы көзделген, қазіргі уақытта 9 536-сы (73%) тіркелген.
255 мыңнан астам оқушының 94,8%-ы жазғы демалыспен қамтылады. Жергілікті бюджеттен 759,4 млн теңге бөлініп, 9 693 бала қала сыртындағы лагерьлерде демалады. Сонымен қатар 179 мыңнан астам оқушы мектеп жанындағы алаңдарда уақыт өткізеді.
Қалада 40 колледж жұмыс істейді. 2025-2026 оқу жылына 8000 талапкер қабылдау жоспарланған. Бүгінде 3000 өтініш қабылданды. 35 жатақхананың 4648 орнының 75%-ы әлеуметтік санаттағы студенттерге арналған.
9 мектеп ғимаратына күрделі жөндеуге 9 млрд теңге бөлінді. Орташа алғанда жұмыс 70-87% аяқталған, барлығы 15 тамызға дейін аяқталуы тиіс.
6 нысанның (2 жаңа мектеп, 3 қосымша корпус, 1 жатақхана) құрылысына 21,1 млрд теңге бөлінді. №50 мектеп қосымша ғимаратының құрылысы аяқталды. Қалған нысандарда жұмыстар әртүрлі деңгейде (9-80%) жүріп жатыр.
241 мекемеде (83%) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Барлық 162 мектеп ішкі әжетханалармен және ауыз сумен толық қамтылған.
230 мемлекеттік білім ұйымы 100% бейнебақылау және дабыл жүйелерімен жабдықталып, полициямен келісімшарт түзілген.
121 мектепке 272 жаңа кабинетке 714,2 млн теңге қаралды. Биыл 42 кабинетке нақты қаржы бөлінсе, қалғаны келесі кезеңде жоспарлануда.
11 баспамен келісімшарт жасалып, 2,1 млрд теңге қарастырылды. Алайда сатып алу процедурасы уақытша тоқтаған, өтінім қайта берілді.
510 мыңнан аса балаға 97 штат бөлінуі тиіс болса да, қазіргі таңда тек 23 маман жұмыс істеп жатыр. 74 орын бос тұр.
15,5 млрд теңге бөлінді. 132 392 оқушы (48,6%) ыстық тамақпен қамтылған. 56 430 балаға мектеп формасы мен керек-жарақ алу үшін 2,6 млрд теңге қарастырылған.
Шымкент қаласының білім саласында жүйелі жоспарлау мен ауқымды инфрақұрылымдық жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Дегенмен кадр тапшылығы, оқулық жеткізу, пәндік кабинеттерді толық жабдықтау және қорғаншылық қызметкерлерінің жетіспеушілігі сынды бірқатар мәселелер шешімді талап етеді.
Білім саласы – ел болашағы. Сол себепті қолға алынған жобалар мен реформалардың уақтылы және сапалы іске асырылуы – басты назарда болуы тиіс.