Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында NOEXTREMISM, NOTTERRORISM жобасы аясында Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің студенттерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу, діни және құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ радикалды идеологиялардың ықпалына қарсы тұрақты көзқарас қалыптастыру.
Кездесу барысында теолог мамандар Тайтелиев Фаизулла Тажмухамедович, Оспанов Дәлелхан Қоңырбайұлы және Рысбеков Кенжебек Төребаевич студенттерге экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі, радикалды идеологиялардың таралу ерекшеліктері және олардың алдын алу жолдары жөнінде түсіндірді.
Спикерлер жастардың әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігіндегі ақпараттарға сыни тұрғыдан қарауы, күмәнді материалдарды ажырата білуі және діни мәселелер бойынша сенімді ақпарат көздеріне жүгінуі маңызды екенін атап өтті.
Сонымен қатар, кездесуде қоғамдық келісімді сақтау, жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру және қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту мәселелері қозғалды.
NOEXTREMISM, NOTTERRORISM жобасы аясындағы мұндай кездесулер жастардың саналы дүниетанымын қалыптастыруға, ақпараттық және діни сауаттылығын арттыруға, экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі болып табылады.

