Қоғам

Еңбекші ауданында жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кездесу өтті

Шымкент қаласының Еңбекші ауданында NOEXTREMISM, NOTTERRORISM жобасы аясында М.Тынышбаев атындағы Шымкент ALT көлік колледжінің студенттерімен профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу, радикалды идеологиялардың қауіптілігін түсіндіру, діни және құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.

Кездесуге теолог мамандар Тайтелиев Фаизулла Тажмухамедович, Оспанов Дәлелхан Қоңырбайұлы және Рысбеков Кенжебек Төребаевич қатысып, студенттерге экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізетін кері әсері, радикалды көзқарастардың таралу жолдары және олардың алдын алу тетіктері жөнінде ақпарат берді.

Спикерлер жастардың ақпараттық кеңістіктегі қауіптерге қарсы тұруы, әлеуметтік желілердегі күмәнді ақпараттарды ажырата білуі және діни мәселелерде сенімді ақпарат көздеріне жүгінуі маңызды екенін атап өтті.

Кездесу барысында студенттерге қауіпсіз қоғам қалыптастырудағы жастардың рөлі, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау мәселелері де түсіндірілді.

NOEXTREMISM, NOTTERRORISM жобасы жастардың саналы дүниетанымын қалыптастыруға, діни және құқықтық сауаттылығын арттыруға, экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған маңызды бастама болып табылады.

Қатысты жаңалықтар

СИСТЕМНОЕ РАЗВИТИЕ ДОШКОЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ В ГОРОДЕ ШЫМКЕНТ: ПРИОРИТЕТ – КАЧЕСТВО И ДОСТУПНОСТЬ

bastynews

Қоғам үшін қауіпті дерт

Bastynews

В ЮЖНО-КАЗАХСТАНСКОМ УНИВЕРСИТЕТЕ ИМЕНИ М. АУЭЗОВА ОТКРЫЛАСЬ ЮРИДИЧЕСКАЯ КЛИНИКА

bastynews