Қоғам

Шымкентте жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында кездесу өтті

Шымкент қаласында NOEXTREMISM, NOTTERRORISM жобасы аясында «Абылайхан білім» мектебінің 9, 10 және 11-сынып оқушыларының қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу, радикалды идеологиялардың қауіптілігін түсіндіру, діни сауаттылықты арттыру және жастардың бойында азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.

Кездесу барысында теолог мамандар Тайтелиев Фаизулла, Оспанов Дәлелхан ы және Рысбеков Кенжебек спикер ретінде қатысып, оқушыларға экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізетін кері әсері, радикалды көзқарастардың таралу жолдары және олардың алдын алу мәселелері бойынша мазмұнды ақпарат берді.

Сонымен қатар, интернет кеңістігіндегі ақпараттарға сыни тұрғыдан қарау, жалған ақпарат пен қауіпті идеологияларды ажырата білу, діни мәселелерде сенімді әрі сауатты мамандардың пікіріне сүйену қажеттілігі түсіндірілді.

Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға, дұрыс дүниетаным қалыптастыруға және қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.

NOEXTREMISM, NOTTERRORISM – саналы ұрпақ, қауіпсіз қоғам!

Қатысты жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ:ТИІМДІ БАСҚАРУҒА БАСТАР ҚАДАМ

bastynews

СОЗАҚ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАР ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША КӘСІБИ КЕҢЕС АЛДЫ

bastynews

РАЗВИТИЕ НАУКИ И ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНОГО ПОТЕНЦИАЛА — ПУТЬ К БУДУЩЕМУ КАЗАХСТАНА

bastynews