Ақпарат Қоғам Мәдениет

«ОРДАБАСЫ» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ТАРИХИ ЖЕҢІСІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

🔷 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аталып өтетін жылы Шымкент отандық спорт тарихындағы тағы бір айтулы жетістікті атап өтуде. «Ордабасы» футбол клубы өз тарихында алғаш рет бір маусымда Қазақстан чемпионы атанумен қатар ел Кубогын жеңіп алды. Осылайша клуб тарихи «алтын дубль» жасады.

🔷 Астана алаңында мыңдаған жанкүйерді, қала тұрғындары мен қонақтарын біріктірген ауқымды мерекелік кеш өтті. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, футболшыларды, жаттықтырушылар штабын және жанкүйерлерді тарихи жетістігімен құттықтады, командаға жаңа жеңістер мен халықаралық аренада табыс тіледі.

🔷 Кештің басты оқиғасы футболшылар мен жаттықтырушылар штабын марапаттау рәсімі болды. Командаға Қазақстан чемпионатының алтын медальдары табысталып, чемпиондық кубок салтанатты түрде тапсырылды. Мерекелік көңіл-күйді танымал өнерпаздардың концерттік бағдарламасы одан әрі қыздыра түсті.

🔷 Биылғы маусым шымкенттік клубтың тарихындағы ең табысты кезеңдердің бірі болды. 25 қазанда «Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасында бірінші орынды мерзімінен бұрын қамтамасыз етті. Чемпионат қорытындысы бойынша команда 68 ұпай жинап, 30 матчта 21 рет жеңіске жетті.

🔷 Бұл – клуб тарихындағы екінші чемпиондық атақ. Команда алғаш рет 2023 жылы ел чемпионы атанған болатын.

🔷 Тағы бір маңызды жетістік – Қазақстан Кубогының финалындағы жеңіс. 7 қарашада «Түркістан Арена» стадионында «Ордабасы» қызылордалық «Қайсарды» 4:1 есебімен сенімді түрде жеңді.

🔷 Осылайша клуб ұлттық Кубокқа үшінші рер иеленіп отыр. Бұған дейін команда 2011 және 2022 жылдары Кубок иегері атанған. Ал чемпиондық атақ пен ел Кубогын бір маусымда қатар иелену клуб тарихында алғаш рет орын алып, тарихи «алтын дубль» тіркелді.

🔷 Сонымен қатар, клуб 2012 жылы Қазақстан Суперкубогын да жеңіп алған болатын.

🔷 Шымкенттік футбол клубының тарихы бірнеше онжылдықты қамтып, бастауы 1976 жылы «Мелиоратор» командасының құрылуынан басталады. Қазіргі «Ордабасы» клубы 2003 жылы құрылып, елімізге танымал футбол командалардың біріне айналды.

🔷 Бұл жетістік – команда жоғары мақсаттарын айқындап, ең биік белестер үшін күресуге қабілетті екенін дәлелдеген маусымның нәтижесі. Чемпиондық атаққа ие болған «Ордабасы» келесі маусымда УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде Қазақстан намысын қорғайды.

🔷 Айта кетейік, клубтың тарихи жеңісі Шымкенттің спорттық өміріндегі маңызды оқиғаға айналып, қала тұрғындары үшін тағы бір мақтанышқа айналып отыр. Жанкүйерлердің қолдауы, команданың биік мақсаттарға ұмтылысы шымкенттіктерді ортақ жеңіс төңірегіне біріктірді.

🔷 Мерекелік кеш футбол маусымының лайықты қорытындысы болып, Шымкент спортының тарихына жаңа бет қосқан команданы ұлықтауға арналды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Заморозки до −6°C и грозы в ближайшие дни охватят Казахстан

bastynews

Төлеген Телғараевтың тындырған тағы бір тірлігі

Bastynews

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – ЗАМАНАУИ ҒЫЛЫМНЫҢ СЕРІГІ: ZHANIBEKOV UNIVERSITY-ДЕ ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРІС

bastynews