Қоғам Мәдениет

Шымкентте жастарға отбасылық құндылықтардың маңызы түсіндірілді

Шымкентте 23 қыркүйек күні жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған кездесулер өтті.

Іс-шаралар Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «Бақыт мекені» жобасы аясында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті және Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде ұйымдастырылды.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастарға отбасының қоғамдағы маңызын түсіндіру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және болашақ отбасылық өмірге жауапкершілікпен қарауға баулу.

Жиын барысында өзара сыйластық, түсіністік, сенім, жауапкершілік және қолдаудың отбасындағы маңызы кеңінен сөз болды. Қатысушыларға берік отбасы қалыптастырудың негізгі қағидалары түсіндіріліп, жастардың отбасылық өмірге саналы көзқарасын қалыптастыруға басымдық берілді.

Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, отбасы құндылықтарына қатысты ой-пікірлерімен бөлісті. Жастар болашақ отбасына дайындық, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара түсіністік, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас сияқты маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, отбасы – қоғамның негізгі тірегі. Сондықтан жастар арасында отбасылық жауапкершілік пен өзара құрмет мәдениетін қалыптастырудың маңызы зор.

«Бақыт мекені» жобасы аясындағы кездесулер жастардың отбасы құндылықтарын терең түсінуіне, жауапкершілікті сезінуіне және болашаққа саналы көзқарас қалыптастыруына бағытталған.

Қатысты жаңалықтар

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: «КЕЗДЕСУДЕ АЙТЫЛҒАН СӨЗДЕР ЖЕРДЕ ҚАЛМАЙДЫ»

Bastynews

МАСЫЛДЫҚ ПСИХОЛОГИЯДАН АРЫЛУ ҚАЖЕТ

Bastynews

АҒЫЛШЫН ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН АЛҒАШҚЫ КӘСІБИ ДАМУ КУРСЫ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ

bastynews