Қоғам

ПОЛИЦИЯ ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАУҒА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТТІ

Түркістан облысының полицейлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында елді мекендердегі тазалық талаптарының сақталуын бақылауда ұстауда.
Мәселен Төлеби ауданында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында қоғамдық орындар мен ортақ пайдаланылатын аумақтарды ластау, белгіленбеген орындарға қоқыс тастау фактілері анықталды. Нәтижесінде 50-ден астам тұрғынның жауапкершілігі қаралды.
Полиция қызметкерлері тұрғындарға қоршаған ортаны ластамау және тазалық талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түркістан облысының полицейлері қоғамдық тәртіп пен тазалықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Заңментәртіп

#ЗАКОНИПОРЯДО
#БілгенАбзал

Қатысты жаңалықтар

«Мерейлі отбасы – 2025»: Шымкентте үздік отбасылар анықталды

bastynews

3 адамды пышақтап кеткен күдікті ұсталды

Bastynews

ҚАЗЫҒҰРТ: Қ. Әбдалиев ауылдық округі таза ауыз сумен толық қамтылған

Bastynews