Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ЖАҢАДАН 6 ӨНДІРІС ОШАҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН «ҚҰРҒАҚ ПОРТ» ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Түркістан облысында өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес инвестиция тарту, өндірістік әлеуетті арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Осы мақсатта Арыс қаласында бірқатар маңызды инвестициялық жобалар қолға алынып, өндіріс орындарының құрылысы қарқын алуда. Инвестициялық жобалардың санын көбейту мақсатында қала аумағында өндірістік парктің құрылысы жүргізіліп жатыр. Осы ретте қала әкімі Қайсар Маңқараев Арыс–Шардара тас жолы бойында орналасқан өндірістік парк аумағында болып, құрылыс барысымен танысты. Сапар барысында мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын жеделдетіп, нысандарды белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

▪️Жалпы аумағы 1,2 гектарды құрайтын өндірістік парк аумағында бүгінде 6 өндірістік ғимараттың құрылысы жүргізілуде. Әр ғимараттың ауданы 480 шаршы метрді құрайды. Нысандарды пайдалануға беру арқылы шағын және орта бизнес субъектілерін орналастыру, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлерге өндірісін кеңейтуге мүмкіндік беру көзделіп отыр.

▪️Өндірістік парк аумағын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары да қатар атқарылуда. Атап айтқанда, электр желісі толық тартылып, кәріз жүйесі мен ауызсуға арналған скважина іске қосылған. Қазіргі таңда табиғи газ желісін жүргізу жұмыстары жалғасуда. Жоспарға сәйкес, өндірістік парк аумағында термопанельдер өндіру, пластик есік-терезелер шығару, жиһаз өндірісі, түйе сүтін терең өңдеу, сондай-ақ табиғи газды есептегіш құралдар шығару бағытындағы бес жоба жүзеге асырылатын болады. Аталған жобалардың іске қосылуы нәтижесінде 50-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

▪️Сонымен қатар Арыс қаласында жеке инвестор есебінен заманауи «құрғақ порт» жобасы жүзеге асырылуда. Аумағы 9 мың шаршы метрді құрайтын логистикалық орталық теміржол тұйығымен толық қамтылған. Жүк тасымалын тиімді ұйымдастыру мақсатында орталыққа арнайы ауыр жүк көліктері сатып алынған. Бұл жоба өңірдің транзиттік әлеуетін арттырып, тауар айналымын жеделдетуге және логистикалық қызметтер көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

▪️Қала әкімі жобаның маңыздылығына тоқталып, «құрғақ порттың» іске қосылуы өңір экономикасының дамуына, кәсіпкерлікті қолдауға және жаңа жұмыс орындарын құруға оң әсер ететінін атап өтті. Сонымен қатар инвесторларға жергілікті атқарушы органдар тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

▪️Іссапар барысында қала әкімі «Coca-Cola» компаниясының ресми дистрибьютері болып табылатын «BADAM DRINKS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің транспорттық-логистикалық орталығында да болды. Аумағы 6 мың шаршы метрді құрайтын кәсіпорын теміржол тұйығымен қамтылған. Қазіргі таңда мұнда 60-тан астам азамат тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Аталған логистикалық орталық Арыс қаласымен қатар Ордабасы және Бәйдібек аудандарына өнім жеткізуді тұрақты әрі жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

▪️Жалпы, Арыс қаласында іске асырылып жатқан бұл жобалар өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырып, өндіріс көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту деңгейін көтеруге бағытталған.

Қатысты жаңалықтар

Глава государства посетил чугунолитейный завод ТОО «KamLitKZ»

bastynews

Председатель Шымкентского филиала партии АМАНАТ проголосовал на референдуме

bastynews

ШЫМКЕНТ: РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 300-ДЕН АСТАМ ОТБАСЫНА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

bastynews