Басты жаңалықтар

АКАДЕМИЯЛЫҚ-ИНДУСТРИЯЛЫҚ КОЛЛАБОРАЦИЯ: М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНА БАҒДАРЛАНҒАН ЖАҢА СЕРІКТЕСТІК ФОРМАТТАРЫН ДАМЫТУДА

Бүгінгі таңда жоғары білім беру жүйесінің басты басымдықтарының бірі — еңбек нарығымен тұрақты интеграция орнату, индустриялық серіктестік аясын кеңейту және білім алушылардың кәсіби траекториясын нарық талаптарымен үйлестіру. Осы стратегиялық бағытты ұстана отырып, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде түлектердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге арналған мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны университеттің «Ғылым және кәсіпкерлік» департаментіне қарасты «Кәсіпкерлік және серіктестік» орталығы үйлестірді.

Кездесуге индустриялық сектордың және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері — «Shymkent Invest» ЖШС бас директоры Д.Т.Зиятбеков және Шымкент қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі» орталығының директоры Б.М.Арқабаев арнайы шақырылды. Университет тарапынан бірқатар құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері, атап айтқанда, «Ғылым және кәсіпкерлік» департаментінің директоры Б.М.Смайлов, «Ғылыми зерттеулер» департаментінің директоры Х.А.Абшенов, «Ғылыми жобалар және бағдарламалар» департаментінің директоры Б.Қ.Асылбекеов, «Сынақ зертханалар» департаментінің директоры Н.Ж.Жанабай, сондай-ақ «Мансапты қолдау және жұмысқа орналастыру» орталығының директоры Т.С.Аубакирова қатысты.

Кездесу аясында еңбек нарығының трансформациясына бейімделген жаңа академиялық-өндірістік модельдерді қалыптастыру мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, студенттердің кәсіби практикасын индустриялық ортада ұйымдастыру, түлектердің жұмыспен қамтылуына тікелей қолдау көрсету, стартап-жобаларға акселерациялық бағдарламалар арқылы инвестиция тарту, қолданбалы ғылыми-зерттеулерді коммерцияландыру және технология трансфері механизмдерін дамыту сынды бағыттар қамтылды.

Бүгінгі мегаполис жағдайында университет пен индустриялық сектор арасындағы коллаборация — өңірлік инновациялық экожүйенің маңызды драйвері. Мұндай интеграция білім беру ұйымдарына real sector-мен байланыс орнатуға, кәсіби дағдыларды тәжірибеде шыңдауға, сондай-ақ түлектердің employability деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл процесс студенттер мен оқытушылар үшін кәсіпкерлік ойлауды дамытатын, креативті идеяларды бизнес модельге айналдыратын орта қалыптастырудың алғышарты саналады.

Іс-шара барысында тараптар институционалдық серіктестікті нығайту мақсатында нақты қадамдарға келісті. Жақын болашақта бірлескен жобаларды жүзеге асыру, өндіріс базасында тәжірибелік сабақтар ұйымдастыру, ғылыми зерттеулерді коммерциялық алаңдарға бағыттау, сондай-ақ жұмыс берушілермен кері байланыс механизмдерін жетілдіру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, өңірлік және ұлттық деңгейдегі кадр саясатын қолдау мақсатында дуальді білім беру форматы мен «университет–өндіріс» моделі бойынша тәжірибелік платформалар құру мәселесі де күн тәртібіне енгізілді.

Қатысты жаңалықтар

«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» жобасы Шымкентте таныстырылды

bastynews

Атырауда ер адам Instagram-дағы жазбасы үшін сотталды

Bastynews

Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев: КАЗАХСТАН ВСТУПИЛ В НОВЫЙ ЭТАП МОДЕРНИЗАЦИИ

bastynews