Ақпарат Технология

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 64-ШІ АУЫЛ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

▪️ Түркістан облысы Мақтаарал ауданында елді мекендерді табиғи газбен қамту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Соның нәтижесінде аудан аумағындағы 64-ші ауыл көгілдір отынға қосылып, аудандағы газбен қамтылу көрсеткіші 94,1 пайызға жетті. Бұл жетістік өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың нақты көрінісі болып табылады.

▪️ Осы айтулы оқиғаға орай, Еңбекші ауылдық округіне қарасты Жантақсай ауылының тұрғындарымен қуанышты сәтті бөлісу үшін Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов арнайы барып, ауыл халқымен кездесті. Аудан басшысы тұрғындарды ауылдың газбен қамтылуымен құттықтап, бұл – әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтті. Сондай-ақ ол барлық елді мекендерді сапалы және қауіпсіз көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмыстары алдағы кезеңде де жүйелі түрде жалғасатынын жеткізді.

▪️ Кездесу барысында аудан әкімі биылғы жылы Мақтаарал ауданын толықтай табиғи газбен қамту жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар облыстық және республикалық бағдарламалар аясында жүзеге асырылып, барлық елді мекендерге газ жеткізу басты басымдықтардың бірі болып қала береді. Сонымен қатар, Бақыт Асанов тұрғындарға газ инфрақұрылымын дұрыс пайдалану, қауіпсіздік ережелерін сақтау және газ құрылғыларын уақытылы техникалық қызмет көрсету қажеттілігін ескертті.

▪️ Жантақсай ауылының тұрғындары өз кезегінде көптен күткен қуанышты жаңалыққа ризашылықтарын білдіріп, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар үшін алғыстарын жеткізді. Табиғи газдың іске қосылуы ауыл халқының тұрмыс-тіршілігін жеңілдетіп қана қоймай, экологиялық жағдайдың жақсаруына, ауа сапасының жақсаруына және әлеуметтік жағдайдың оңалуына да оң әсерін тигізбек.

▪️ Айта кетейік, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің және газ инспекциясының мамандары Жантақсай ауылына арнайы барып, әрбір үйге кіріп-шығып, тұрғындарға газ қауіпсіздігі бойынша толық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушылар мен жастар үшін де арнайы семинарлар ұйымдастырылып, газ құралдарын пайдалану кезінде сақтық шаралары мен төтенше жағдайларда іс-қимыл алгоритмдері көрсетілді.

▪️ Алдағы уақытта Мақтаарал ауданында барлық елді мекендерді табиғи газбен қамту жұмыстары толық аяқталып, тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсарту, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және экологиялық ахуалды оңалту бағытындағы жұмыстар жалғасатын болады.

Қатысты жаңалықтар

КҮЗЕТШІ УНИВЕРСИТЕТТЕГІ ТҮНГІ ҰРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

bastynews

МАСТЕР-КЛАСС ПО ИНТЕГРАЦИИ STEAM, PBL И EDP ТЕХНОЛОГИЙ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПРОЦЕСС: ОПЫТ ШЫМКЕНТА

bastynews

Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на научно-практической конференции «Конституция и государственность: диалог права и будущего», посвященной 30-летию Конституции Республики Казахстан

bastynews