Ақпарат Қоғам

ШЫМКЕНТ: АППАРАТ ОТЫРЫСЫНДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында білім беру саласын цифрландыру және қала көшелерін асфальттау жұмыстарының барысы қаралды.

Білім басқармасының басшысы Қуаныш Ыскаков білім сапасын арттыру мақсатында басқарма мен оған қарасты ұйымдардың қызметін толық цифрландыру бағытында кешенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Ашықтық пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету үшін білім берудің барлық деңгейін қамтитын бірыңғай «QARQYN» интеграциялық жүйесі енгізілді. Ол кадрлық, қаржылық және басқарушылық процестерді автоматтандырып, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келеді.

Мектепке дейінгі және қосымша білім беру саласында цифрлық шешімдерді енгізу нәтижесінде тәуекелдер жойылып, мемлекеттік шығындар оңтайландырылды. Ваучерлік қаржыландыруды талдау қорытындысы негізінде негізсіз есептеулер алынып тасталып, бюджет қаржысы үнемделді.

Сонымен қатар, 34 мыңнан астам қызметкердің тарификациясын қамтитын «Sana» жүйесі енгізілді. Бұл оқу жүктемесін, бос жұмыс орындарын және негізсіз төлемдерді нақты бақылауға мүмкіндік беріп, кадрлық және қаржылық процестердің ашықтығын арттырды.

Қауіпсіздік пен тегін тамақтандыру жүйесіне ерекше назар аударылды. Қала мектептерінде бейнебақылау және биометриялық бақылауды қамтитын «Айқын» интеллектуалды жүйесі орнатылған. Ыстық тағаммен қамту процесін цифрландырудың арқасында 2025 жылы 540 млн теңге бюджет қаржысы үнемделді.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов 2025 жылғы цифрлық паспортизация нәтижелерімен бөлісті. Қалада топырақ жолдардан асфальтқа толық көшу аяқталды.

Бүгінде Шымкентте 6 882 көше бар, олардың жалпы ұзындығы 3 846,7 шақырымды құрайды. Соңғы жылдары көшелер саны 64 пайызға, көше-жол желісінің ұзындығы 18 пайызға артқан. 2025 жылы 1 059 шақырымнан астам жолға асфальт төселді.

Ірі көлік инфрақұрылымы жобалары да жүзеге асырылуда. А-2 айналма жолын қайта жаңарту жұмысы 90 пайызға аяқталды, Қонаев даңғылының ұзартылуы, сондай-ақ Момынов және Тіленшин көшелеріндегі өткелдер құрылысы жалғасуда. Бұл нысандарды биыл іске қосу жоспарланған.

Қала аудандары арасындағы байланысты жақсарту мақсатында балама бағыттар мен ішкі орамдық жолдар жаңартылып, шалғай аумақтардағы көшелерге асфальт төселуде.

Кеңес қорытындысында қала әкімі білім саласындағы цифрландыру жобаларының орындалуына бақылауды күшейтуді, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ жол инфрақұрылымы бойынша жұмыстарды сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ

bastynews

ҚАЛА ӘКІМІ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

bastynews

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ТАЛАБЫ

bastynews