Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 114 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЕНГІЗІЛДІ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығын дамыту, су ресурстарын тиімді пайдалану және егістік алқаптарының өнімділігін арттыру мақсатында 114 мың гектар жерге заманауи су үнемдеу технологиялары енгізіліп, төрт жаңа су қоймасын салу жоспары іске асырылуда. Бұл туралы өңір басшысы Нұралхан Көшеров Астанада өткен баспасөз мәслихатында хабарлады. Суару инфрақұрылымын жетілдіру арқылы жергілікті шаруалар тұрақты әрі тиімді су көздеріне қол жеткізіп, аграрлық сектордың өнімділігі едәуір артады.

Суару технологияларын қолжетімді ету мақсатында облыста алты жаңа кәсіпорын ашу ісі қолға алынған. Қазіргі таңда төрт кәсіпорын іске қосылып, қалған екі нысан келесі кезеңде пайдалануға беріледі. Осы шаралардың нәтижесінде жалпы 364 мың гектар алқап заманауи су үнемдеу технологиясымен қамтылып, өңірдің аграрлық секторында тұрақты суару қамтамасыз етіледі.

Қазіргі уақытта «Бәйдібек ата» және «Қарақуыс» су қоймаларының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар «Боралдай» мен «Иқан су» қоймаларының жобалық құжаттары әзірленіп, құрылысқа дайындық жұмыстары белсенді жүргізілуде. Жаңа су қоймаларының іске қосылуы егістік алқаптарына тұрақты су жеткізуді қамтамасыз етіп қана қоймай, су тапшылығы салдарынан болатын тәуекелдерді азайтады, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттырады және жерді тиімді пайдалану деңгейін көтереді.

Су үнемдеу технологиялары суды тиімді пайдалану, топырақтың эрозиясын азайту, климаттық өзгерістер жағдайында да егістік алқаптарының өнімділігін сақтауға мүмкіндік береді. Автоматтандырылған және заманауи суару жүйелерін енгізу арқылы өндірістік шығындарды азайту, су ресурстарын оңтайлы пайдалану және ауыл шаруашылығы өнімінің сапасын арттыру қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар жобалар фермерлер мен агроөнеркәсіп саласының кәсіпорындарына тұрақты, сенімді және үнемді су көзін ұсыну арқылы өңірдің аграрлық секторын жаңғыртуға, инновациялық тәсілдерді енгізуге, инвестициялық тартымдылығын арттыруға және аймақ экономикасының жалпы тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Нәтижесінде Түркістан облысында су ресурстарын тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру, жерді рационалды пайдалану және фермерлердің табысын көбейту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып, өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуына айтарлықтай серпін береді. Бұл бастамалар агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға және облыстың жалпы инвестициялық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДАН ПОЛИЭТИЛЕНДІ ҚҰБЫР ШЫҒАРЫЛМАҚ

Bastynews

ШЫМКЕНТТЕГІ БАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКТЕПТЕР ІШКІ САНИТАРИЯЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА ТОЛЫҚ САЙ КЕЛТІРІЛДІ

bastynews

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ШАҒЫН ЦЕХТАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Bastynews