Жаңалықтар

АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев «Amanat» партиясының Арыс қалалық филиалының ғимаратында қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қоғамдық қабылдауға әртүрлі әлеуметтік санаттағы азаматтар қатысып, күнделікті өмірде кездесетін түйткілді мәселелерін ортаға салды. Атап айтқанда, тұрғындар тұрғын үй кезегіне тіркелу және баспанамен қамту, әлеуметтік көмек пен жәрдемақыларды рәсімдеу, атаулы әлеуметтік қолдау, қалаішілік және шағын аудандардағы жолдардың сапасы, жарықтандыру, инженерлік инфрақұрылымды жаңарту, аулаларды абаттандыру, қоғамдық кеңістіктерді дамыту, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қолжетімді ортасын қалыптастыру және оңалту мәселелерін көтерді.

Қала басшысы қабылдау барысында әрбір өтініш иесіне жеке тоқталып, мәселелердің мән-жайын жан-жақты зерделеді. Тиісті салалық бөлімдер мен жауапты мекемелердің басшыларына нақты тапсырмалар беріп, көтерілген мәселелерді заң талаптарына сәйкес қарастыруды және белгіленген мерзімде шешу жолдарын ұсынуды міндеттеді. Кейбір мәселелер бойынша сол жерде түсіндірме беріліп, жекелеген өтініштердің шешілу тетіктері нақты айтылды.

Сонымен қатар қабылдауға қатысқан бөлім басшылары азаматтарға қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар, әлеуметтік қолдау шаралары және тұрғын үймен қамту тетіктері жөнінде кеңінен ақпарат берді. Бұл өз кезегінде тұрғындардың құқықтық және әлеуметтік сауаттылығын арттыруға ықпал етті.

Қайсар Маңқараев барлық өтініштер арнайы тіркеуге алынып, олардың орындалу барысы қала әкімдігінің тікелей бақылауында болатынын атап өтті. Ол тұрғындармен ашық әрі тұрақты диалог орнату жергілікті атқарушы органдар жұмысының басым бағыттарының бірі екенін айтып, әрбір азаматтың пікірі мен ұсынысы назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

Қала әкімі өз сөзінде халықтың тұрмыс сапасын арттыру, әлеуметтік қолдауды күшейту және қаланы кешенді дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті. Сондай-ақ қоғамдық қабылдаулар тұрғындардың өзекті мәселелерін уақытылы анықтап, оларды тиімді шешуге мүмкіндік беретін маңызды алаң екенін айтты.

Айта кетейік, мұндай қоғамдық қабылдаулар алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылып, қала тұрғындарының ұсыныс-пікірлері жергілікті басқару шешімдерін қабылдау барысында ескерілетін болады.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ 7 АЙДА МЫҢҒА ЖУЫҚ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

bastynews

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 2025 жылы $76,3 млн-ға өсті

bastynews

ШЫМКЕНТТІК ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЖАРҚЫРАП КӨЗГЕ ТҮСТІ

bastynews