Санатталмаған

ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАТАЛ ТӘРТІП ПЕН КҮШТІ ТАЛАП КҮТУДЕ

AzatMedia. Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Ұлттық біріңғай тестілеу  туралы брифинг өтті. Баспасөз мәжілісіне Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева және Шымкент қаласы Дарын орталығының директоры Р.Джеренова қатысты.

Брифингте ең алғаш сөз алған Жанат Тәжиева мектеп түлектері төртінші тоқсан қорытындысын жақсы тәмамдағанын жеткізді. Нәтижесінде 546 оқушы алтын белгі алып, бүгінде оның 359-ы үздік аттестаттың иегері атанғанын және осы жылдың үшінші маусым мен бесінші маусым аралығында мектеп оқушыларына аттестаттары табысталған.

– Қаламызда Ұлттық біріңғай тестілеу үш жоғарғы оқу орындарында өткізеді.
Атап айтар болсақ, ОҚМУ, ОҚМПИ, Халықаралық «Silkway» университеттердің базаларында өтеді. Бұл онлайн тестілеудің бір ерекшелігі электронды түрде қанша балл алғаны көрініп тұрады, – деді Ж.Тәжиева.

Ұлттық біріңғай тестілеуден шекті балл ала алмаған тұлғалар жыл бойына қайта тест тапсыруға мүмкіндігі бар. Маусым айында тапсыра алмаған түлектер тамыз айында қайта тестілеуден өте алады. Алайда тамыз айында тапсырған тестілеудің көрсеткішімен тек ақылы оқу орындарына түсуге мүмкіндік беріледі. Биылғы жылдың тағы бір ерекшелігі педагогикалық мамандықтарға шекті балл 70-тен төмен болмауы қажет.

Одан бөлек, басқарма басшысы: «Грант иегері болғыңыз келсе немесе ақылы оқуға түсуге ниетіңіз болса, 70 балдан кем жинамауыңыз міндетті. Былтырғы жылы 3 сағат 40 мин болса, биыл 4 сағатқа дейін ұзартылып, калькулятормен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, тестілеу барысы Білім министрлігінің қадағалауында болады», – деді басқарма басшысы.

Тестілеу барысында түлек бейнебақылау камераларына шпаргалкалар немесе ұялы телефондарды қолданып отырғандығы түсіп қалатын болса, жинаған балының күші жойылады. Яғни, талапкерлерді қатал тәртіп пен күшті талап күтуде.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

bastynews

🔰 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСТАРҒА ДРОППЕРЛІКТІҢ ҚАУІПТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

bastynews

⚡️Мемлекет басшысы:

bastynews

🏥 МАЙТӨБЕ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ!

bastynews

Шымкентте «Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» республикалық пікірсайыс турнирі өтті

bastynews

ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

bastynews

🏆 «ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ!

bastynews

РЕСПУБЛИКА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА 14 ТҰРҒЫН ҮЙ, 600-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

bastynews

Түркістан облысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық қарқынды жүріп жатыр

bastynews

Пікір қалдыру