Қоғам

🏆 «ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ!

Еліміздің жарқын болашағына үлес қосуға ұмтылған жастардың тың идеялары мен инновациялық жобаларын қолдауға бағытталған «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауы өз мәресіне жетті!

Байқауға жалпы 102 адам өтінім білдіріп, оның 51-і нақты жобаларын ұсынды. Қатысушылар ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, медиа және волонтерлік бағыттар бойынша өз идеяларын қорғап, білімдері мен шығармашылық әлеуеттерін көрсетті.

📊 Байқау қорытындысы бойынша:
🔹 102 адам өтінім білдірді;
🔹 51 нақты жоба ұсынылды;
🔹 1 жоба өтінімнің кеш тапсырылуына байланысты шеттетілді;
🔹 8 қатысушы жобасын онлайн форматта қорғады;
🔹 39 қатысушы офлайн форматта қорғады;
🔹 3 қатысушы жобасын қорғауға келмеді.

🌟 Байқау жеңімпаздары:

🔬 Ғылым бағыты
Канадиллаев Азамат Нұрболатұлы
Жобасы: «SmartTwin Шымкент» — шетелдік жабдықты Шымкент климатына бейімдеуге арналған цифрлық егіз.

🎭 Мәдениет бағыты
Садық Аружан Ғабитқызы
Жобасы: «Шымкент қаласындағы мәдени мұраларды 3D модельдеу».

💻 Ақпараттық технологиялар бағыты
Кемелбекова Нұрия Абдухалыққызы
Жобасы: «QAMQOR MAP – Инклюзивті Шымкент картасы».

🎬 Медиа бағыты
Мақұлбек Алтынбек Қанатұлы
Жобасы: «Digital-qadam».

🤝 Волонтерлік бағыты
Амангелдиева Аселя Армановна
Жобасы: «ALTYN ORTA» дамушы жастар ортасы.

👏 Барлық жеңімпаздарды лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Жобаларыңыз сәтті жүзеге асып, еліміздің дамуына, туған қаламыздың өркендеуіне үлес қоса берсін!

🎉 Алда Шымкент қаласында байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді!

Жастардың тың идеялары – ел болашағының кепілі! 🇰🇿

ТәуелсіздікҰрпақтары #ШымкентЖастары #ЖастарҚолдауы #ЖасампазЖастар

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АУҒАНСТАНДЫҚ ИНВЕСТОРЛАР «ШАҒЫН ӨНЕРКӘСІПТІК ПАРК» ЖОБАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

bastynews

Қытайлық «Nanning Jianing Water Investment Group Co., Ltd» компаниясымен маңызды кездесу өтті.

bastynews

Ішкі орам жолдары жөнделуде

Bastynews