Соңғы жаңалықтар

БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРҒА САЙ ЗАМАНАУИ ЗАУЫТТАР ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ 1,3 ТРЛН. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында өңірдегі өнеркәсіп саласының дамуы мен инвестициялық жобалардың барысы туралы баяндады.

Облыста жыл басынан бері 10 ай ішінде өнеркәсіп саласында 107 млрд. теңгеге 22 жоба іске асырылып, 2 443 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл жобалардың арасында ірі әрі стратегиялық маңызы бар өндіріс орындары бар:

  • Созақ ауданындағы табиғи уран өңдеу кешені («Катко» ЖШС) – құны 35 млрд. теңге, 300 жұмыс орны.
  • Отырар ауданындағы 2 мақта өңдеу зауыты («Kazakhstan Lihua» ЖШС) – құны 21 млрд. теңге, 960 жұмыс орны.
  • Түлкібас ауданында RC Cola брендімен түрлі түсті сусын шығаратын зауыт («Beibars Bottlers» ЖШС) – құны 9 млрд. теңге, 96 жұмыс орны.
  • Сайрам ауданындағы заманауи ет комбинаты («KazEcoMeat» ЖШС) – құны 8,5 млрд. теңге, 150 жұмыс орны.
  • Ордабасы ауданында алюминий бұйымдарын шығаратын зауыт («Central Asia Aluminium» ЖШС) – құны 8 млрд. теңге, 150 жұмыс орны.

Жыл соңында тағы 103,5 млрд. теңгеге қосымша 8 өнеркәсіп жобасын іске қосу жоспарланған. Бұл жобалар өңірдің өндіріс әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

– Президентіміз өз Жолдауында Орталық Азия елдерімен экономикалық байланысты күшейтуді тапсырған болатын. Осы бағытта көршілес Өзбекстанмен келіссөздер нәтижесінде 100 гектар аумақта «Орталық Азия халықаралық кооперация орталығы» құрылды. Нысан – кеден бекетімен заманауи қоймалар және өндірістік нысандармен интеграцияланған логистикалық орталық қызметін атқарады, – деді Нұралхан Көшеров.

Қазіргі таңда орталықта 7 инвестор жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр. Бұл жобалар өңір экономикасына 185 млрд. теңге инвестиция тартуға, 1 175 жұмыс орны ашуға және бюджетке қосымша 355 млн. теңге салық түсіруге мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстары қазір қарқынды жүргізіліп, 8 өндірістік ғимарат пен ішкі инфрақұрылым жүйелері салынып жатыр. Келесі жылы толық іске қосу жоспарланған.

Сонымен қатар, облыстағы индустриалды аймақтар, шағын өндірістік парктер және арнайы экономикалық аймақтардың жұмысын жандандыру нәтижесінде 10 ай ішінде өнеркәсіп өнім көлемі 1,3 трлн. теңгеге жетіп, өсім деңгейі 113,4 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш өңірдің өндірістік әлеуетінің тұрақты дамып, экспорттық мүмкіндіктердің артуын, сонымен қатар халықты тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етіп отырғанын дәлелдейді.

Түркістан облысының өнеркәсіп саласындағы бұл көрсеткіштері – тек өңірдің ғана емес, бүкіл Қазақстан экономикасына серпін беретін маңызды қадам болып отыр. Жобалар халықаралық стандарттарға сай іске асырылып, сапалы өнім өндіру мен жаңа технологияларды қолдануға бағытталған.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ

bastynews

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА 150 ОРЫНДЫҚ ҚОСБҰЛАҚ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Bastynews

ДИНАМИКА СТРАТЕГИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ ШЫМКЕНТА

Bastynews