Басты жаңалықтар Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАРДА 152 МЛРД. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН 99 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында өңірдегі индустриалды аймақтардағы инвестициялық жобалардың барысы туралы баяндады.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында еліміздің жаңа экономикалық бағытын айқындап, экономиканы инновация мен цифрлық технологияға негізделген салаға көшіру қажеттігін атап өтті. Жолдаудың басты идеясы – экономиканы әртараптандыру. Яғни, ел экономикасының негізгі басымдығы мұнай мен шикізат емес, жоғары технологиялық өндіріс пен инновациялық индустрия болуы тиіс. Түркістан облысы осы мақсатта жүйелі жұмыстар жүргізіп отыр.

Өңір басшысының сөзінше, өндірісті дамыту үшін сырттан келетін тауарларға талдау жүргізілген. Негізгі үлес құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, химия өнеркәсібі және тамақ өнімдеріне тиесілі. Бұл бағыт бойынша импорт көлемі 98 млрд. теңгені құрап, осы тауарларды облыста шығару мүмкіндігі бар. Инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп, индустриалды және арнайы экономикалық аймақтардан дайын алаңшалар ұсынылды. Нәтижесінде өңірде зауыттар мен кәсіпорындар саны артып, жаңа инвестициялық жобалар іске асырылуда.

Қазіргі таңда Түркістан облысындағы 20 индустриалды аймақта құны 152 млрд. теңгені құрайтын 99 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Толық іске асқан жағдайда 6 361 жаңа жұмыс орны ашылуы жоспарланған. Бүгінгі күні 39 млрд. теңге инвестиция тартылып, 50 жоба іске қосылды, нәтижесінде 2 609 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

«Turan» арнайы экономикалық аймағында қазіргі таңда 211,8 млрд. теңгеге 28 ірі жоба қолға алынған. Аймаққа салынған зауыттар мен өндіріс орындары құрылыс материалдары, азық-түлік өнімдері, химиялық заттар, жеңіл өнеркәсіп және машина жасау салаларын қамтиды. Бұл жобалар өңірдің экспорттық әлеуетін арттырып, импортты алмастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, индустриалды аймақтарда инвестициялық қолдау тетіктері, салықтық жеңілдіктер және заманауи инфрақұрылым ұсынылу арқылы жаңа кәсіпорындардың ашылуы мен жұмыс орындарының көбеюі қамтамасыз етіліп отыр. Түркістан облысы экономикасының әртараптануы мен өндіріс саласын дамыту бағытындағы жұмыстар болашақта өңірдің тұрақты дамуына айтарлықтай үлес қосатыны атап өтілді.

Қатысты жаңалықтар

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА МАҢЫЗДЫ ШАРА ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН СОЛТҮСТІККЕ КӨШІРУГЕ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР ДА АТСАЛЫСАДЫ

Bastynews

Президенты Казахстана и Таджикистана посетили выставку сельскохозяйственной продукции и национальных блюд

bastynews