Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚЫ ҮЛГІДЕГІ КИІЗ ҮЙЛЕРМЕН КӨМКЕРІЛГЕН ҚОНАҚҮЙ САЛЫНАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен облыста жүзеге асырылатын сәулеттік жобалар мен қалалық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері талқыланған кезекті кеңес өтті. Жиында Арыс, Кентау қалаларындағы сәулеттік жобалар және Түркістан қаласында жүзеге асырылуы жоспарланып отырған бастамалар қаралды. Өңір басшысы жобаларды іске асыру барысында заманауи әрі соңғы үлгідегі тәсілдер мен идеяларды қолданудың маңыздылығын атап өтті.

– Аудандардың кіреберістерін сәндеуде заманауи сәулет үлгілерін ұсыныңыздар. Сәулет-құрылыс саласына жаңашылдық пен белсенділік қажет. Жалпы өңірдің дизайн коды Түркістан қаласымен үндес әрі біркелкі болуы тиіс. Сондай-ақ туристік нысандар орналасқан аудан, қалалардың кіреберіс тұстары мен шекарадағы кеден бекеттерінің айналасын реттеу аса маңызды, – деді Нұралхан Көшеров.

Сәулеттік кеңес отырысында Түркістан қаласында салынатын қазақы үлгідегі қонақүй жобасы егжей-тегжейлі қаралды. Жобада қонақүйдің сыртқы келбеті мен интерьері қазақи киіз үйлер мен ұлттық ою-өрнектермен үйлестіріліп, заманауи туристік стандарттарға сай жабдықталатын болады. Көпқабатты қонақүйде дәстүрлі қазақы атмосфера сақталып, конфернц-залдар, заманауи мейрамхана, SPA және балаларға арналған ойын аймақтары қарастырылған. Сонымен қатар жазғы алаңдар мен демалыс орындары арқылы туристерге мәдени-рухани тәжірибе ұсыну көзделуде.

▪️Жиында сонымен қатар шаһарда шағын сәулеттік формалар орнату, билер аллеясын салу, көше бойларында жасыл желектер мен гүлзарларды көбейту, қалалық саябақтарды абаттандыру мәселелері де қаралды. Түркістан қаласында ауқымды іс-шараларды өткізуге арналған заманауи Рәміздер алаңын салу, көше бойларына жабайы жүзім отырғызып, жазғы аптапта көлеңке мен саяны қамтамасыз ету, веложолдар мен велосипедтік инфрақұрылымды дамыту ұсынылды.

▪️Арыс қаласында веложолдар мен жаңа саябақтар салу, Кентау қаласындағы базар маңын реттеу мәселелері де қарастырылып, тиісті жоспарлар бекітілді. Сонымен қатар, туристік және мәдени жобаларды жүзеге асыру барысында жергілікті кәсіпкерлерді тарту, инновациялық және экологиялық шешімдерді қолдану міндеті қойылды.

▪️Облыс әкімдігі мен сәулет-құрылыс саласының мамандары жоба бойынша нақты тапсырмалар алды. Барлық бастамалар заманауи стандарттарға сай, қауіпсіздік пен қолайлылық талаптарын сақтай отырып, қаланың көркем келбетін арттыруға және туристік әлеуетін күшейтуге бағытталмақ.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан: Жойқын жарылыс болды

Bastynews

Тоқаев 2021 жылы рақымшылық жасалатынын мәлімдеді

Bastynews

Атмосфера на участках – гостеприимная

bastynews