Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫНА АРНАЛҒАН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША ЖАСАЛЫП ЖАТЫР

Түркістанда «Hack Turkistan» IT облыстық үздік жобалар байқауы өтті. Облыстық қоғамдық даму басқармасы мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырған байқаудың негізгі мақсаты – Түркістан облысының жастарына арнайы ақпараттық платформа жасау. Жоба аясында әзірленетін мобильді қосымша жастарға күнделікті қолданысқа жарамды, өзектілігі бар ақпараттарды жеткізеді. Қосымша әр қолданушының статусына қарай ақпараттандыруды жүзеге асырады, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар, жаңалықтар мен іс-шаралар кестесін жариялайды, сондай-ақ Egov.kz порталы арқылы қажетті анықтамаларды алуға мүмкіндік береді.

Мобильді қосымшаның ішінде келесі мүмкіндіктер қарастырылған: мемлекеттік және жеке ұйымдардың гранттары мен стипендиялары, мамандықтар туралы ақпарат, жоғары оқу орындары мен колледждер тізімі, бос жұмыс орындары, мемлекеттік бағдарламалар, дағдыларды анықтайтын тестілеу модулі, сонымен қатар жастардың шығармашылық жобаларын жариялау мүмкіндігі бар. Қосымша IOS және Android платформаларына арналған смартфондарға орнатылып, жақын арада App Store мен Play Market арқылы қолжетімді болады.

«Мобильді қосымша жастарымызға өз ауданында өтіп жатқан іс-шаралар туралы ақпаратты, үйірмелер мен жобаларды білуге, жалпы жастарға қажет барлық ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жастардың мемлекеттік бағдарламаларға қатысуын жеңілдетіп, ақпараттық қолжетімділікті арттырады», – деді Жастар ресурстық орталығының басшысы Ернар Бектаев.

Байқау нәтижесінде жеңімпаздар анықталды: 1-орынды Кентау қаласының өкілі Умиджан Арипжанов (500 000 теңге), 2-орынды Түркістан қаласының қатысушысы Мұхит Өсербай (300 000 теңге), 3-орынды Түркістан қаласының тұрғыны Ғасыр Құралбайұлы (200 000 теңге) иеленді. Жеңімпаздар өз жобаларын әрі қарай дамытуға арналған қаржылай және консультациялық қолдау алды.

Айта кетейік, мобильді қосымша тек ақпараттық құрал ғана емес, сонымен қатар жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға, кәсіпкерлік және волонтерлік жобаларға тартуға бағытталған. Жоба аясында облыс жастары өз ұсыныстарын енгізіп, әр аудандағы жастар бастамаларын қолдау мүмкіндігіне ие болады.

Бұл бастама Түркістан облысындағы жастар саясатының сапалы жаңа деңгейге көтеріліп, ақпараттық теңсіздікті азайтуға, жастарға заманауи цифрлық қызметтерді ұсынуға арналған маңызды қадам болып отыр.

Қатысты жаңалықтар

Самғатқан сан қыранды алтын ұям

Bastynews

«Карантиндеріңізбен өз адамдарыңызды және олардың бизнесін өлтіріп жатырсыздар» – Қуат Хамитов шенеуніктерді сынап тастады

Bastynews

Баян Алагөзова: «Көңілге тиетін ауыр сөз айтады» (видео)

Bastynews