Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ОЙЫН ЖӘНЕ СПОРТ АЛАҢДАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістан қаласында тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру мақсатында қала әкімінің Әзімбек Пазылбекұлы тапсырмасына сәйкес балалар мен жасөспірімдердің спортпен және ойынмен шұғылдануына арналған жаңа 9 ойын және спорт алаңы халық игілігіне берілді. Жобалар қала тұрғындарымен өткен кездесу барысында айтылған ұсыныстар мен пікірлерді ескере отырып жүзеге асырылды.

Жаңа алаңдар қала тұрғындары үшін ең көп сұраныс туындаған орындарда орналастырылды. Атап айтқанда, Қазақбақ, Алтай, М. Әбенова, А. Жангелдин, Мұғалжар, Ш. Уәлиханов және Р. Дастанова көшелерінде балалар мен жасөспірімдерге арналған ойын алаңдары салынып, Хақназар хан және Ш. Ниязов көшелерінде футбол алаңдары бой көтерді. Құрылысы ағымдағы жылдың ақпан айында басталған алаңдар бүгінде толық аяқталып, барлық жұмыстар сапа стандарттары мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізілді. Әр алаң заманауи жабдықтармен, балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуына арналған спорт құралдарымен, сонымен қатар демалыс аймақтары мен отырғыштармен қамтамасыз етілген.

Түркістан қаласында қазіргі таңда жалпы 250-ге жуық ойын және спорт алаңы жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш қаладағы спорттық-инфрақұрылымды дамыту, тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстардың айқын көрінісі болып отыр.

Жаңа алаңдардың ашылуы тұрғындар арасында зор қуаныш туғызып, әсіресе балалар мен жасөспірімдерге арналған демалыс пен ойын аймақтарының санының артуы олардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік берді. Алаңдар тек ойын және спорт орындары ретінде ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақты тәрбиелеу, олардың физикалық және рухани дамуын қамтамасыз ету, отбасы мен көршілер арасындағы қоғамдық байланысты нығайтуға бағытталған маңызды нысанға айналды.

Қала әкімдігі алдағы уақытта тұрғындардың ұсыныстарын ескере отырып, қосымша спорт және ойын алаңдарын салуды, бар алаңдарды заманауи жабдықтармен толықтыруды, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер үшін қосымша жаттығу және үйірме бағдарламаларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Мұндай бастамалар Түркістан қаласын тек мәдени және тарихи қала ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттайтын, спорттық-инфрақұрылымы дамыған заманауи қалаға айналдыруға бағытталған нақты қадам болып табылады.

Сонымен қатар, жаңа алаңдардың ашылуы тұрғындар арасында белсенді өмір салтын насихаттауға, балалар мен жасөспірімдердің ойынға деген қызығушылығын арттыруға, қаланың қоғамдық кеңістіктерін жан-жақты пайдалануына септігін тигізеді. Жоспарланған келесі кезеңде қала аумағында жасалған ойын және спорт алаңдарының сапасын бақылау, техникалық қызмет көрсету және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілетін болады.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДАҒЫ КӨЛКЕНТ ЕЛДІ МЕКЕНІНЕ ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

bastynews

Жастар арасында діни иммунитет қалыптастыру

Bastynews

Ковид-19: Ең ауыр кезеңнен өттік

Bastynews