Ақпарат

ҚАЗЫҒҰРТ: АТАЖҰРТ АУЫЛЫНДА ЖАҢА ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Қазығұрт ауданына қарасты Қызылқия ауылы округінің Атажұрт ауылында – Республика күні мерекесі қарсаңында, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында мемлекет меншігіне қайтарылған активтер есебінен орталықтандырылған жаңа ауыз су жүйесі пайдалануға берілді.

Жаңа нысанның құрылысы мемлекетке прокуратура органдары арқылы қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылды. Бұл – заң үстемдігін қамтамасыз етудің, қайтарылған қаражатты халық игілігіне бағыттаудың нақты үлгісі және тиімді тәжірибесі. Аталмыш жоба тек инфрақұрылымды жақсартып қана қоймай, құқықтық тәртіп пен мемлекеттік бақылаудың жемісті жүзеге асырылатынын көрсетеді.

Шараның салтанатты ашылуына аудан әкімі Азизхан Исмаилов, аудан прокуроры Руслан Абдраимов, «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев, ауыл тұрғындары мен жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысты. Ашылу рәсімі аясында жаңа ауыз су жүйесінің жұмыс принципі, қызмет көрсету сапасы және қауіпсіздік талаптары жөнінде толық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жаңа орталықтандырылған су жүйесінің іске қосылуы Атажұрт ауылындағы 1000-нан астам тұрғынды сапалы ауызсумен қамтамасыз етеді. Бұл жоба тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсартып қана қоймай, ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына тың серпін береді. Су жүйесінің сенімді және үздіксіз жұмыс істеуі ауыл тұрғындары үшін экологиялық тұрғыдан да таза және қауіпсіз суды пайдалануға мүмкіндік туғызады.

Аталған жоба аясында құрылған инфрақұрылым тек тұрмыстық қажеттілікті ғана емес, ауылдық жердегі кәсіпкерлік нысандарды да қолдауға бағытталған. Су жүйесі жаңа шағын кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы дақылдарын суғару үшін пайдаланылуы мүмкін, бұл өз кезегінде жергілікті экономикалық дамуға ықпал етеді.

Аудан әкімі Азизхан Исмаилов салтанатты рәсімде:

«Бүгінгі іске қосылған ауыз су жүйесі – Атажұрт ауылындағы әрбір тұрғынның өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жоба. Мемлекетке қайтарылған қаражатты халық игілігіне пайдалану – біздің басты мақсатымыз. Алдағы уақытта да осындай әлеуметтік жобаларды арттыра бермекпіз», – деді.

Жаңа су жүйесінің іске қосылуы ауыл тұрғындары үшін тек мерейлі оқиға емес, сонымен қатар Қазығұрт ауданының әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуының нақты көрінісі болып табылады. Бұл жоба ауылдағы халықтың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсартуға, ауылдық жердегі әлеуметтік тұрақтылықты арттыруға және жергілікті экономиканы дамытуға зор үлес қосады.

Қатысты жаңалықтар

КЛУБ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

bastynews

Шесть семей в Шымкенте отметили новоселье благодаря программе реновации

bastynews

ШЫМКЕНТТІК БАЛУАН ЕУРОПА КУБОГЫ БӘСЕКЕСІНДЕ ТОП ЖАРДЫ

bastynews