Ақпарат Қоғам

«Мерейлі отбасы – 2025»: Шымкентте үздік отбасылар анықталды

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығында дәстүрлі «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты.

Салтанатты марапаттау рәсімінде Сәрсен Абайұлы дәстүрлі отбасылардың ел бірлігін сақтаудағы рөлін атап өтіп, қазақ қоғамында ер азаматтың, ананың, қыз-келіннің өзіндік орны ғасырлар бойы қалыптасқанын және бұл жүйені сақтау, жас ұрпаққа жеткізу маңызды екенін айтты. Сондай-ақ, бұрынғы жылдардағы жеңімпаздардың өмір жолы арнайы кітап ретінде жарық көретінін жеткізді.

Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Ақбота Бекхожақызы биылғы байқауда еңбек династияларына ерекше мән берілгенін және іріктеу жұмыстарының аудандық кезеңнен бастап жүйелі жүргізілгенін айтты.

  • Биыл Шымкент қаласында өтінім қабылдау 15 мамыр мен 15 маусым аралығында жүргізіліп, 150-ден астам өтініш түсті. Үздіктер арасынан қалалық кезеңге 20 отбасы іріктелініп, олар отбасы мүшелерінің қоғамға қосқан үлесі, балалардың жетістігі, еңбек дәстүрін сақтау және ұрпақ сабақтастығын қалыптастыру бойынша бағаланды, – деді ол.

Жиында 20 қатысушы отбасының барлығына қала әкімінің алғыс хаттары мен теледидар сыйлыққа берілді. Ал бас жүлде иегері – Әл-Фараби ауданынан қатысқан теміржолшылар әулеті Нұртаевтар 1 миллион теңге көлеміндегі сертификатқа ие болып, 12 қыркүйекте Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

Қатысты жаңалықтар

Шымкентте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Еңбекші ауданында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді

bastynews

ШАРДАРА АУДАНЫНДА «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ – БЕТБҰРЫС» ТАҚЫРЫБЫНДА АРДАГЕРЛЕР КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

bastynews

ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ СТАНДАРТЫ ӘЗІРЛЕНДІ: БАСТАУЫШ ЖӘНЕ ОРТА БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН

bastynews