Ақпарат

ҚАЗАҚСТАНДА 2025 ЖЫЛЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙДІ: 714 МЫҢ АДАМ ЕҢБЕККЕ ОРНАЛАСТЫ

Елімізде биыл еңбек нарығын дамыту және халықты жұмыспен қамту бағытындағы мемлекеттік қолдау шаралары жалғасуда. 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 283,9 мың азамат қамтылған, ал жалпы 714 мың қазақстандық тұрақты жұмысқа орналасты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Министрлік таратқан мәліметке сүйенсек, субсидияланатын жұмыс орындары еңбек нарығына қолжетімділікті арттыруда маңызды рөл атқарған. Атап айтқанда, 161,7 мың адам субсидияланатын жұмыс орындарына жолданған. Оның ішінде:

  • 13,1 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына;
  • 25,6 мың адам жастар практикасына;
  • 98,7 мың адам қоғамдық жұмыстарға;
  • 17,9 мың адам «Күміс жас» жобасына;
  • 6,2 мың адам «Алғашқы жұмыс орны» жобасына;
  • 289 адам «Ұрпақтар келісімшарты» шеңберінде жұмысқа орналасқан.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына жаңа бизнес-бастамаларын жүзеге асыруға қолдау көрсету жалғасуда. Биыл 400 АЕК-ке дейінгі (1 572 800 теңге) көлемінде 8 968 грант берілді. Бұл гранттар азаматтардың өз ісін ашып, табысты кәсіпкерлікке қадам басуына мүмкіндік береді.

Еңбек нарығына қажет дағдыларды меңгеруге ерекше көңіл бөлінуде. Онлайн оқыту бағдарламалары арқылы 55,9 мың жұмыссыз азамат білім алса, оның 51,4 мыңы толық курсты аяқтап, сертификат алды. «Бастау Бизнес» жобасы да белсенді жүзеге асып, 48,4 мың азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, олардың 27 мыңы оқуын аяқтады.

Сонымен қоса, жұмыс берушілердің сұранысы бойынша 8 901 адам кәсіптік оқытуға жіберілді. Оқуды бітірген 4 673 адамның 2 256-сы кейіннен жұмысқа орналасты.

Еңбек жолын анықтау үшін кәсіби бағдар беру қызметіне де сұраныс жоғары. Жыл басынан бері 331,3 мың азамат кәсіби орталықтарда кеңес алып, мамандық таңдау бойынша қолдау көрсетілді.

Жұмысқа орналастырудың барлық фактілері міндетті зейнетақы жарналарының түсуімен расталады. Министрлік мәліметінше, биыл тіркелген 714 мың жұмысқа орналасудың құрылымы мынадай:

  • 170,7 мың адам – жұмыспен қамтудың белсенді шаралары арқылы;
  • 175,7 мың адам – Электрондық еңбек биржасында жарияланған бос орындар бойынша;
  • 333,6 мың адам – Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы шеңберінде;
  • 34 мың адам – орталық мемлекеттік органдардың жобалары аясында еңбекке орналасты.

Министрлік жұмыспен қамтуды қолдау шаралары жыл соңына дейін және 2026 жылы да кеңейе түсетінін мәлімдеді.

Қатысты жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰРПАҚҚА МҰРА

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ КӨТЕРІЛДІ

bastynews

ШУГУАН ҚАНДАЙ ӨҢІР ЖӘНЕ ОРДАБАСЫ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАНДАЙ ТӘЖІРИБЕ АЛЫП КЕЛДІ? ҚАРАПАЙЫМ ОҚЫРМАНҒА АРНАЛҒАН КЕҢЕЙТІЛГЕН ШОЛУ

bastynews