Қоғам

САЙРАМ АУДАНЫНДА 4 МЫҢНАН АСТАМ ЭЛЕКТР БАҒАНАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Сайрам ауданына қарасты барлық елді мекендер бүгінде толық электр энергиясымен қамтылған. Дегенмен, инфрақұрылымның тозу деңгейі жыл сайын өсіп, кейбір аумақтарда электр желілері мен бағаналарының 40%-ы ескірген. Бұл өз кезегінде электр қуатының сапасына әсер етіп, жиі ақаулардың орын алуына себеп болатын еді. Осы мәселелерді шешу мақсатында аудан аумағында энергия жүйесін кешенді жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынды.

Биыл жалпы 9 нысан бойынша құрылыс және қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде Қарамұрт, Көлкент, Қарабұлақ, Низамабад, Қожақорған және Нұржанқорған елді мекендеріндегі электр желілерін қайта тарту жобалары ойдағыдай аяқталды. Бұл жұмыстардың нәтижесінде 2 663 тұрғын үй тұрақты, үздіксіз және жоғары сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі.

Жаңарту жұмыстары аясында төмендегі техникалық шаралар жүзеге асырылды:
•37 жаңа трансформатор орнатылды;
•117,8 шақырым электр желілері тартылды;
• 4 160 дана жаңа электр бағаналары қойылды.

Мұнымен бірге, электр желілерінің қауіпсіздігін арттыруға ерекше мән беріліп, ескі және апатты жағдайдағы бағаналар толық ауыстырылды. Жүйенің жүктемесін азайту үшін қосымша желілер іске қосылып, жаңа қуат көздерін бөлу арқылы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға түсетін техникалық қысым төмендетілді. Бұл өз кезегінде электр қуатының тұрақтылығын айтарлықтай күшейтті.

Инфрақұрылымды жаңарту кәсіпкерлік саласына да оң әсерін тигізуде. Тұрақты электр қуаты — өндірістік кәсіпорындар мен шағын бизнес нысандарының үздік жұмыс істеуінің негізгі факторы. Жаңартылған желілер болашақта жаңа өндіріс орындарының ашылуына, ауылдық аумақтардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жаңа электр инфрақұрылымы заманауи энергия үнемдеу талаптарына сай салынған. Қолданылған материалдар мен жабдықтар халықаралық стандарттарға негізделген, бұл жүйенің ұзақмерзімділігі мен сенімділігін қамтамасыз етеді.

Сайрам ауданында энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары алдағы жылдары да кезең-кезеңімен жалғасады. Аудан әкімдігі мердігер мекемелердің қағидатқа сай жұмыс жүргізуін ұдайы қадағалап, құрылыс сапасын бақылауды күшейтіп отыр. Әр жоба бойынша техникалық қадағалау мамандары тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, орындалған жұмыстардың сапасы мен тиімділігін тексеруде.

Жалпы атқарылып жатқан шаралар аудан халқының өмір сүру сапасын жақсартуға, экономикалық дамуды ынталандыруға және инженерлік инфрақұрылымды заманауи деңгейге жеткізуге бағытталған.

Қатысты жаңалықтар

МЕГАПОЛИС МҮМКІНДІГІ БӘРІНЕ ТЕҢ: ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

bastynews

Электр желілеріне жалғануға техникалық шарттар қалай беріледі?

Bastynews

СОЗАҚ АУДАНЫНДА БИЫЛ 80 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ІШКІ ЖОЛДАР ЖАҢАРТЫЛДЫ

bastynews