Жаңалықтар

САЙРАМДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕДЕ 1 МЫҢҒА ЖУЫҚ БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Сайрам аудандық прокуратурасы мен аудандық мансап орталығының ұйымдастыруымен пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Аталған шараның мақсаты – еңбек нарығын дамыту, жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін арттыру және азаматтардың әлеуметтік бейімделуіне қолдау көрсету.

Жәрмеңкеге 39 жұмыс беруші қатысып, жалпы 965 бос жұмыс орны ұсынылды. Шараның ашылуында Сайрам аудандық прокуратурасының прокуроры Бақытжан Байғозиев, аудан әкімінің орынбасары Шухратулла Убайдуллаев және аудандық «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Қуаныш Сыздықов сөз сөйлеп, іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Олар пробация есебінде тұрған азаматтарды қолдаудың құқықтық және әлеуметтік мәнін ерекше атады, еңбекке тарту арқылы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік берілетінін жеткізді.

Жәрмеңкеге 200-ден астам адам қатысып, оның ішінде 100-ге жуығы пробация қызметінде тұрған азаматтар болды. Олардың әрқайсысы өзіне лайық жұмыс орнын іздеп, ұсынылған мүмкіндіктерді зерделеп көрді. Нәтижесінде 20 азамат тұрақты жұмысқа орналасуға ниет білдіріп, еңбек нарысына жолдама алды. Сонымен қатар, қатысушылар жастар практикасына және «Күміс жас» жобасына жіберіліп, кәсіби машықтарын жетілдіру мүмкіндігіне ие болды.

Жәрмеңке барысында мемлекеттік қайтарымсыз грант алған кәсіпкерлер өз жұмыстарын таныстырып, қатысушыларға кәсіпкерлікті дамыту, шағын бизнес ашу және бизнес-жоспар жасау бағытындағы кеңестерін ұсынды. Бұл тәжірибе жастар мен азаматтарға өз кәсібін бастауға сенім беру, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға септігін тигізді.

Шараның тағы бір маңызды ерекшелігі – азаматтарды жұмысқа орналастырудағы әлеуметтік қолдау жүйесін көрсету. Пробация қызметінде тұрған азаматтар үшін арнайы дайындалған бағдарлама шеңберінде олар тек жұмысқа жолдама алып қана қоймай, еңбек қауіпсіздігі, салық төлеу тәртібі, еңбек құқықтары мен міндеттері туралы ақпараттық семинарларға қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Аудан әкімдігі мен прокуратура қызметкерлері бұндай жәрмеңкелерді тұрақты түрде өткізу қажеттілігін атап өтті. Бұл шара пробация қызметіндегі азаматтарды еңбекке тарту мен әлеуметтік бейімдеудің тиімді жолы болып табылып, оларға тұрақты табыс табуға, отбасылық және әлеуметтік өмірін тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Осылайша, Сайрам ауданында ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – әлеуметтік жауапкершілік, азаматтарды қолдау және жергілікті экономиканы дамыту бағытында маңызды қадам болып отыр.

Қатысты жаңалықтар

В день референдума участок №4 в здании шымкентской Ассамблеи народа Казахстана встречает пришедших на голосование граждан приподнятой атмосферой

bastynews

Д.САТЫБАЛДЫ: “АУЫЛДАРДЫ ӨРКЕНДЕТУГЕ КҮШ САЛАМЫЗ”

Bastynews

ОҚМА: БІЛІМ КҮНІ – АБЗАЛ МАМАНДЫҚҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

bastynews