Ақпарат Қоғам

ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ

🔹 Шымкент қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында «Халықтар достығы – халық қазынасы» тақырыбында мерекелік концерт өтті. Қалалық иран этномәдени бірлестігі ұйытқы болған іс-шараның мақсаты – этномәдени бірлестік өкілдерінің ұлттық мәдениеті мен өнерін жұртшылыққа көрсету арқылы ел бірлігін бекемдеу және этностар арасындағы достықты дәріптеу негізінде қоғамдық келісімді сақтау.

🔹Мерекелік концертке қала тұрғындары, қалалық этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері қатысты.

🔹Қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Нүркен Әлімқұлов өз сөзінде қатысушыларды құттықтап, Қазақстан халқы Ассамблеясының ел бірлігін бекемдеу мен бейбітшілік пен қоғамдық келісім құндылықтарын сақтаудағы рөлі туралы айтты.

– Біздің басты құндылығымыз – бірлік пен өзара құрмет. Қазақстан халқы Ассамблеясы осы қағидатты басшылыққа алып, түрлі этностарды ортақ мақсатқа біріктіріп келеді. Осындай мәдени іс-шаралар достық пен сыйластықты, өзара құрметті нығайтады, – деді.

🔹Концерт барысында қалалық иран этномәдени бірлестігінің мүшелері ұлттық әндері мен билерін орындап, көрерменге өзіндік салт-дәстүрі мен мәдени байлығын таныстыратын көріністер ұсынды. Ал өзге де қалалық этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары концертке белсене атсалысып, жиналған қауымға өз өнерлерін көрсетті.

🔹Мерекелік іс-шара соңында концертке қатысушылар достық пен бейбітшілік символына айналған «Қазақстан – Отаным» әнін орындап, көпшіліктің алғысына бөленді.

ҚХА30жыл #30летАНК #Шымкент #Shymkent #АНК #ANK

Қатысты жаңалықтар

Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен этносаралық татулықты нығайту мақсатында Кентау қалалық «Мансап орталығында» кездесу өтті.

bastynews

Ынтымақтастық рухын қалай қалыптастырамыз?

Bastynews

8 облыста дабылды ескерту жарияланды

Bastynews