Ақпарат

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ЖӘНЕ ӨЗБЕКСТАН ҒАЛЫМДАРЫ АРАСЫНДА ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде халықаралық ғылыми байланыстарды кеңейту, академиялық серіктестік орнату және гуманитарлық бағыттағы трансшекаралық ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мақсатында Өзбекстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының филология және тарих салаларының профессор-оқытушылар құрамымен халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Іс-шара «Ұлттық құндылықтарды дәріптеу: тарихи және педагогикалық дискурс» тақырыбында ұйымдастырылды.

Аталған ғылыми семинарды ұйымдастырушылар қатарында М.Әуезов атындағы ОҚУ жанындағы «Тарих және этнология» ғылыми-зерттеу орталығы, «Ақпараттық білім беру орталығы», сондай-ақ университет жанынан шығатын «QAZAQTANÝ» халықаралық ғылыми журналының редакциясы болды. Бұл шара халықаралық ғылыми ортада ұлттық құндылықтардың зерттелуі мен интерпретациялануына, тарихи дереккөздер мен тұлғатануға негізделген ортақ ғылыми кеңістікті қалыптастыруға бағытталды.

Семинар барысында гуманитарлық ғылымдар мен педагогика саласындағы өңіраралық ғылыми коллаборация, ғылыми жарияланымдарда пәнаралық және салыстырмалы-тарихи әдістерді қолдану, сондай-ақ шетелдік ғалымдардың Қазақстандағы ғылыми басылымдармен өзара байланысын күшейту мәселелері жан-жақты талқыланды.

Ғылыми кездесу аясында 2025 жылы кеңінен атап өтіліп жатқан ұлттық маңызы зор тарихи оқиғаларға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда:

  • Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығы – еуразиялық кеңістіктегі ғылыми зерттеулердің негізін қалаушы тұлға ретінде тарихи-этнографиялық мұрасының маңыздылығы;
  • Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы – түркі әлеміндегі рухани философия мен әдеби мұраның заманауи интерпретациясы;
  • «Қарамола ережесінің» 140 жылдығы – қазақ құқықтық ойының тарихи бастаулары және оның қазіргі заманғы құқықтық жүйеге ықпалы;
  • Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) 30 жылдығы – этносаралық келісім мен азаматтық бірегейлікті нығайтудағы рөлі.

Семинар барысында М.Әуезов атындағы ОҚУ профессорлық-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлері әзірлеген жаңа ғылыми еңбектер таныстырылды. Атап айтқанда, гуманитарлық ғылымдар мен ұлттық идея тақырыбында дайындалған:

  • «Әуезов һәм Абай» атты ғылыми-талдамалық монографиясы – ұлт ұстазы Абай мен оның шығармашылық мұрасын зерделеген Мұхтар Әуезовтің ғылыми мұрасын қайта пайымдау;
  • «Почетный казах – Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы: «Положение Қарамола» 1885 год (перевод и научный анализ)» – тарихи-құқықтық дерек ретінде «Қарамола ережесінің» түпнұсқалық мәтіні мен ғылыми сараптамасына арналған іргелі еңбек.

Бұл ғылыми еңбектер Өзбекстан Республикасының Андижан және Термез қалаларындағы жоғары оқу орындарының ғалым-педагогтарымен бірлесіп талқыланып, ғылыми қауымдастық тарапынан қызығушылық тудырды. Өзара пікір алмасу барысында екі ел арасындағы тарихи-мәдени сабақтастық, ортақ тұлғалар мұрасын зерттеу, архивтік деректерді салыстырмалы-тарихи әдіс арқылы талдау мәселелері кеңінен қозғалды.

Қатысты жаңалықтар

ЦИФРЛЫ ҒАСЫРДЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ: ҚАСИЕТ БАЙДУЛЛАҰЛЫ ӘЛЕМДІК БІЛІМ КЕҢІСТІГІНДЕ

bastynews

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

bastynews

РАЗЪЯСНЕНИЕ О ПРАВАХ И ГАРАНТИЯХ ТРУДЯЩИХСЯ

bastynews