Ақпарат Қоғам

КЕЛЕСТЕ «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ БЕТБҰРЫС» АТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Ә. Кенжеев атындағы Келес аудандық мәдениет үйінде жас ұрпақ тәрбиесіне арналған маңызды іс-шара – «Ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыс» атты жиын өтті.

Шара барысында ұлт болашағы – ұрпақ тәрбиесінің өзектілігі мен жауапкершілігі кеңінен талқыланып, Келес халық театры «Ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыс» атты сахналық көрініс қойды.

Жиынға аудандық әкелер мектебі кеңесінің төрағасы Полатов Тасбау Сыздықұлы, Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Сапарбеков Әбдішүкір Әбдімәлікұлы, Келес ауданы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Есімханов Сапарбек, Келес ауданының әжелер алқасының төрайымы Әзімқұлова Әділет арнайы қатысып, тәрбиенің тағылымы мен маңызы туралы мазмұнды баяндамалар жасады.

Жиын тізгінін Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысының орынбасары Маханбеталиева Жансая Өмірәліқызы жүргізіп, іс-шараның мазмұнды әрі жүйелі өтуіне үлес қосты.

🔹 Ұрпақ тәрбиесі – ұлттың келешегі. Осындай басқосулар қоғам санасын оятып, ата-аналар мен аға буын өкілдерінің тәрбиелік рөлін арттыруға бағытталған нақты қадам екені сөзсі

Қатысты жаңалықтар

МЕГАПОЛИС МҮМКІНДІГІ БӘРІНЕ ТЕҢ: ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

bastynews

КЕНТАУДА ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 9 МЕКТЕП ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

bastynews