Ақпарат

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ТАЛАБЫ

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов «Қарызсыз қоғам» жобасына азаматтарды көбірек тарту үшін жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдардың назарын жергілікті жерлерде ақпараттық жұмысты күшейту қажеттілігіне назар аударуға мән беру қажеттігіне тоқталған болатын.

Осы мақсатта, халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Түркістан облысының Ордабасы ауданында Прократура, Полиция қызметкерлері және психолог, бизнес-тренердің қатысуымен семинар-тренинг ұйымдастырылды.

  • Халықтың қаржылық сауаттылығы ел экономикасына тікелей әсер етеді. Өйткені қаржылық жағынан сауатты адам алған несиесін міндетті түрде қайтарады және салық төлеуден қашпайды. Алған несиені қайтармай қою да — қаржылық сауатсыздықтың белгісі болып табылады. Ал қайтпай қалған несиелердің көптігі алдағы уақытта пайыздың артуына әкеледі. Қаржылық сауатты адам несие алар кезде өз мүмкіндіктеріне қарап, қарызын өтеуге тырысады. Сондықтан қаржылық сауатты болу да экономикаға оң әсерін тигізеді, – деді бизнес-тренинг Жандос Әзімбай.

Сала мамандары құқықтық саясаттың міндеттеріне сәйкес мемлекет азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын арттыруға жағдай жасайды, олардың құқықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерін жүзеге асыру мен қорғаудың жолдары мен шектерін білуді қамтамасыз ету қажеттігіне тоқталды.

  • Қоғамдағы орын алып жатқан жағымсыз дүниелер, біріндіден адамды стреске, екіншіден жат қылықтарға тартады. Оған дәлел «лудамандар» мен «ұрлықтың» көбеюі дәлел бола алады. Қаржы саласындағы сауатсыздықтың кері әсерінен өмірден бас кешкендер де баршылық. Сол үшінде кез-келген қиындық кезеңінде сала мамандарының кеңесіне жүгінген тиімді, – деді психолог Назипа Алтаева.

Қатысты жаңалықтар

#ШЫМКЕНТ_ЖЕТІСТІКТЕРІ_2024

bastynews

Өнімдер шет елдерге экспортталуда

Bastynews

Президент Казахстана провел встречу с акимом Туркестанской области Нуралханом Кушеровым

bastynews