Ақпарат

ZHANIBEKOV UNIVERSITY: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ – ЖАҢА ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕР

ZHANIBEKOV UNIVERSITY қабырғасында жаңа оқу жылы мазмұнды академиялық нәтижелермен бастау алып отыр. Университеттің ғылымға негізделген даму стратегиясы, білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру мен халықаралық академиялық кеңістікте өзіндік орнын айқындауға бағытталған.

Математика даярлау бағыты бойынша білім алып жатқан 2-курс магистрант Айсұлу Мақаш – осы стратегияның нақты көрінісі. Ол жуырда Назарбаев Университетінде өткен «Possibilities of Using Computer Technologies in Teaching Geometry» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Үздік постер» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Аталған ғылыми жиын NU Annual Research Conference (NUARC 2025) шеңберінде өткізілді. Конференция форматы халықаралық стандарттарға сәйкес құрылып, poster sessions, plenary talks, panel discussions, interactive workshops сияқты компоненттерді қамтыды. Іс-шарада Қазақстан мен шетелдік жоғары оқу орындарынан келген 200-ден астам жас зерттеуші қатысып, заманауи ғылыми парадигмалар аясында тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды.

Барлығы 189 жоба ұсынылған бұл конференцияда Айсұлудың «Геометрияны оқытуда компьютер технологияларын қолдану мүмкіндіктері» тақырыбындағы зерттеу жобасы жасанды интеллект (Artificial Intelligence) саласындағы әдістемелік ұстанымдар мен педагогикалық модельдерді тиімді ұштастырғаны үшін жоғары бағаланды. Жоба мазмұны білім беру процесіне EdTech, Digital Pedagogy және AI-assisted Learning құралдарын енгізу тұрғысынан ерекше назар аудартты.

Магистранттың ғылыми жетекшісі – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Альмира Ибашова. Айсұлу өзінің жетістігін жетекшісінің кәсіби қолдауы мен ғылыми кеңесіне тікелей байланыстырады: «Бағыт-бағдар беріп, тақырыпты терең зерделеуде ғылыми жетекшімнің үлесі зор болды» – дейді жас зерттеуші.

ZHANIBEKOV UNIVERSITY магистранттарының халықаралық деңгейде танылуы университеттің research-based learning, evidence-informed education және academic excellence қағидаттарын басшылыққа алатын оқыту және тәрбиелеу жүйесінің тиімділігін көрсетеді. Мұндай жетістіктер жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін дамытуға, кәсіби академиялық ортада танылуына және болашақта Doctoral Studies немесе Postgraduate Research жобаларына қатысуына берік негіз қалайды.

Осы жетістік – университеттің зерттеу университеті ретінде қалыптасу жолындағы нақты нәтижесі және білім алушылардың инновациялық ойлауын дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың жемісі. Университет тарапынан магистранттар мен докторанттарға ғылыми ортада жариялану, халықаралық конференцияларға қатысу, зерттеу жобаларына гранттық қолдау табу бағытында тұрақты қолдау көрсетіліп келеді.

Қатысты жаңалықтар

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ: САЙРАМ АУДАНЫНДА МАҢЫЗДЫ КЕҢЕС ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА ЖАРНАМАЛЫҚ НЫСАНДАР БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН-КОДҚА СӘЙКЕС ЖАҢАРТЫЛАДЫ

bastynews

Еліміздің әлеуетін жаңа биікке көтеруге міндеттіміз

bastynews