Қазіргі білім беру жүйесінде әдіскер – педагогикалық трансформацияның басты субъектісі, инновациялық әдіс-тәсілдерді практикамен ұштастыратын көпір іспетті. Ол – үздіксіз кәсіби дамуға ұмтылатын, білім беру үдерісін сапалы ұйымдастыруда маңызды рөл атқаратын сарапшы.
Бүгінде жаһандық білім беру кеңістігінде lifelong learning, evidence-based practice, instructional leadership сынды ұстанымдар басымдыққа ие болып отыр. Осы бағыттарды ескерген Шымкент қаласы Әдістемелік орталығы әдіскерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығында «Заманауи әдіскер: білікті сарапшы және тиімді тәлімгер» тақырыбындағы курстар ұйымдастырылуда.
Аталған курс competency-based learning, professional development және educational consultancy қағидаттарына негізделіп құрылған. Негізгі мазмұны әдіскерлердің педагогикалық, аналитикалық және фасилитациялық дағдыларын дамытуға бағытталған. Бағдарламада mentoring and coaching, curriculum mapping, assessment for learning, data-informed decision-making сияқты компоненттер қамтылған.
Курс барысында қатысушылар қазіргі білім беру үрдістеріндегі трендтер мен зерттеулерге сүйене отырып, instructional design, teacher mentoring, pedagogical audit салаларында өз құзыреттіліктерін арттырады. Сонымен қатар әдістемелік қолдау көрсетудің тиімді формалары, педагогтермен кәсіби серіктестік орнату, желілік қауымдастықтарды басқару тәжірибелері де зерделенуде.
Оқыту blended-learning форматына негізделген: теориялық білім synchronous and asynchronous sessions арқылы беріліп, практикалық дағдылар real-case analysis мен micro-teaching форматында бекітіледі. Қатысушылар өзара кәсіби рефлексия жасап, best practices негізінде тәжірибе алмасуда.
Бұл курс – әдіскерлердің transformational leadership бағытындағы әлеуетін арттырып, білім беру ұйымдарындағы өзгерістерге сараптамалық көзқараспен қарауға мүмкіндік беретін маңызды кәсіби қадам. Сондай-ақ, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетуде collaborative inquiry, teacher agency мен reflective practice қағидаттарын жүйелі енгізуге жол ашады.
Білім беру сапасын арттыруда әдіскерлердің рөлі артып келе жатқан тұста, осындай мазмұнды курстар – кәсіби дамудың сенімді алаңы, жаңаша ойлайтын мамандарды қалыптастырудың тиімді тетігі.
Шымкент қаласы әдіскерлері үшін бұл курс – кәсіби сапардың жаңа белесі, әдістемелік қолдаудың стратегиялық деңгейге көтерілуінің дәлелі.
