Шымкент қаласында ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби дамуын қолдау мақсатында “Ways of Improving Receptive and Productive Skills” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара курсаралық және курстан кейінгі әдістемелік қолдауды жүйелеу, сондай-ақ заманауи оқыту стратегиялары мен инновациялық әдістерді практикада қолдану арқылы тілдік дағдыларды дамыту бағытындағы үздік тәжірибелермен бөлісуге арналды.
Дөңгелек үстел барысында мұғалімдер тілдік дағдыларды – receptive skills (listening, reading) және productive skills (speaking, writing) – дамыту бойынша халықаралық білім беру жүйесінде кеңінен қолданылып жүрген заманауи тәсілдерге шолу жасап, тәжірибелік шебер-сыныптар мен мазмұнды баяндамалар ұсынды. Оқытуда task-based learning, genre-based approach, process writing, peer learning, extensive reading, creative writing, technology-enhanced instruction сынды әдіснамалық ұстанымдарды тиімді енгізу мәселелері талқыланды.
Аталған іс-шарада Шымкент қаласының әртүрлі білім беру ұйымдарынан келген тәжірибелі мұғалімдер өз педагогикалық ізденістерін ортаға салды:
- Саипова Дилноза Мамуржановна (№56 ЖОББМ) – тыңдалым дағдысын дамытудағы тиімді стратегиялар;
- Мұстафа Жайна Ғаниқызы (№34 ЖОББМ) – оқылым және сыни ойлау қабілетін дамытуға арналған тәсілдер;
- Юсупходжаева Минаввар Камалиддиновна (№111 ЖОББМ) – сөйлеу дағдысын task-based learning негізінде дамыту;
- Ерімбетова Күмісай Әлібекқызы (№29 ЖОББМ) – receptive және productive дағдыларға цифрлық технологияны кіріктіру;
- Нурумбетова Акмарал Жолдасбековна (№52 мектеп-лицейі) – шығармашылық жазылым арқылы жазу дағдысын арттыру;
- Маймакова Ғашия Ақшабаевна (№23 мектеп-лицейі) – жұптық және топтық жұмыс арқылы сөйлеу мен жазу құзыреттерін дамыту;
- Исмаилова Айжан Абдурахмановна (№83 ЖОББМ) – сөздік қорын кеңейту арқылы тілдік дағдылардың барлығын жетілдіру;
- Абдинакибова Диана Нажимитиновна (№104 ЖОББМ) – receptive пен productive дағдылар арасындағы байланысты күшейту;
- Төлеген Бибігүл Ерболатқызы (№16 ЖОББМ) – extensive reading арқылы тілді меңгеруді жандандыру;
- Жамалбек Айдана Таласханқызы (№34 ЖОББМ) – process және genre-based әдістер арқылы жазылымды жетілдіру;
- Жанабаев Тимур Мустафаевич (№103 ЖОББМ) – тыңдалым мен оқылым кедергілерін жеңу стратегиялары;
- Шпекбаева Жансая Серікджановна (№72 ЖОББМ) – тілдік дағдыларды input-тен output-қа дейін дамыту әдістері.
Педагогтер өз жұмыстарында communicative competence, academic literacy, language acquisition theory, 21st century skills сынды ғылыми-әдістемелік ұғымдарды басшылыққа ала отырып, оқу процесін интербелсенді және нәтижеге бағытталған жүйеге көшіру жолдарын көрсетті. Оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттыруда integrated skills approach, formative assessment, student-centered learning қағидаттарын тиімді қолдану да басты назарда болды.
