Соңғы жаңалықтар

Мәжіліс депутаты белгілі журналисті бандитке теңеді

Anyqtimes.kz. Еліміздің Парламент мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжанов журналист Нұрсейіт Жылқышыбайды мәдениеттен алыстау бандитке теңеді. «Уақыт көсетеді» бағдарламасының жүргізушісі туралы айтқан видеосы shyndyq.kaz Instagram парақшасында жарияланды, – деп жазады oinet.kz.

– Журналистикалық мәдениеттен кішкене алыстау. Жәй ғана бандюга сияқты отырып жүргізе беретін хабарлар болады. Сондай ғой – дейді депутат.

Мәжіліс депутатының бұл сөзіне желі қолданушылары өз пікірлерін жарыса білдіруде.  – «Дұрыс айтады», «Сендер де сондайсыңдар ғой. Кішкене ұйықтап отырасыңдар», «Жақсыны жабылып талаған заман боп тұр», «Ол халық үшін жүгіріп жүр. Сіз не істеп жатырсыз? Ұйықтап келіп, ұйықтап кетіп жүрген депутаттарды айтсаңызшы одан да», «Ол да бір хайп қуып жүр! Нұрсейіт! Дегенмен ол да шындықты бетке айтатын бір туар! Бандит деуге ұят, оны! Бандит таза депутаттар! 100% сходняк жасап алды! енді жеу, тендірлерді ұтып алу, қысқасы коррупция басталады! Бір де бір депутат халық үшін жұмыс жасамайды! Бұл факт өкінішке орай» – дейді желі қолданушылары.

Қатысты жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Bastynews

Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейі

Bastynews

Сарыағаш: Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар баяндалды

Bastynews