Қоғам

ZHANIBEKOV UNIVERSITY – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КООПЕРАЦИЯНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНДЕ

Шымкент қаласындағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Zhanibekov University қабырғасында халықаралық білім беру ынтымақтастығы аясында маңызды академиялық кездесу өтті. Бұл – үшінші мегаполис студенттері мен жас ғалымдары үшін жаһандық академиялық кеңістікке қадам басудағы тағы бір нақты бастама болды.

Университетке АҚШ Мемлекеттік департаментінің қолдауымен English Language Fellow (EL Fellow) бағдарламасы аясында Эхаб Халаф (Ehab Khalaf) арнайы шақырылып, ағылшын тілі кафедрасының студенттері мен магистранттарына арнап дәрістер оқуға және практикалық сабақтар өткізуге кірісті. Эхаб Халаф – Сан-Франциско университетінің (University of San Francisco) TESOL (Teaching English to Speakers of Other Languages) бағдарламасы бойынша магистрлік дәрежеге ие, халықаралық деңгейде мойындалған тіл маманы.

Кездесуді университеттің басқарма төрағасы – ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев ашып, Эхаб Халафты Zhanibekov University академиялық қауымымен таныстырып, қазіргі таңда ағылшын тілі – жаһандық коммуникация, ғылыми интеграция және кәсіби мобилділікке жол ашатын басты құрал екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл ынтымақтастық – университеттің интернационализация стратегиясы шеңберінде іске асырылып жатқан маңызды қадамдардың бірі.

Іс-шараға басқарма мүшелері, Ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі және профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Өз кезегінде Алматыдағы АҚШ Бас консульдығының өкілі Нұргүл Жаңабаева университет басшылығына көрсетілген қолдау үшін алғысын білдіріп, EL Fellow бағдарламасының басты миссиясы – білім арқылы мәдениеттерді жақындастыру екенін ерекше атап өтті.

Эхаб Халаф өз дәрістерінде student-centered learning, blended teaching, communicative competence, academic writing, digital literacy және critical thinking дағдыларын дамытуға басымдық беріп, заманауи педагогикалық технологияларды қолданып, интерактивті форматта сабақ өткізуде. Оның академиялық тәжірибесі мен практикалық әдістемесі Шымқала жастарының тілдік құзыретін арттыруда маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

EL Fellow бағдарламасы – АҚШ Мемлекеттік департаментінің қоғамдық дипломатия саласындағы жаһандық бастамаларының бірі болып табылады. Бұл бағдарлама әлемнің әр түкпіріндегі жоғары оқу орындарымен академиялық серіктестік орнатып, sustainable partnerships қалыптастыруға, білім алушылардың language proficiency және cross-cultural competence деңгейлерін арттыруға бағытталған.

Zhanibekov University үшін бұл халықаралық байланыс – білім беру экожүйесін нығайтуға, профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыруға және студенттердің глобализация дәуіріне бейімделуіне ықпал ететін стратегиялық басымдық. Университеттің алдағы жоспарында осындай ғылыми-инновациялық ынтымақтастықты кеңейтіп, dual degree, academic mobility, joint research projects бағыттарын дамыту көзделіп отыр.

Шымкент қаласындағы жетекші оқу орны ретінде Zhanibekov University халықаралық академиялық қауымдастықпен ықпалдасуды жалғастыра отырып, Қазақстанның жоғары білім беру саласында сапалы трансформация жүргізуге өзіндік үлесін қосып келеді.

Қатысты жаңалықтар

Енді тойға барғандарға да айыппұл салып, шырылдатады

Bastynews

Каспий теңізіндегі құйын желідегілерді таңғалдырды (фото)

Bastynews

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде

bastynews