Ақпарат Қоғам

🛑 ЗАҢ БӘРІНЕ ОРТАҚ!

Еліміздің кейбір өңірлерінде елден бөлініп шығуға шақыру фактілері орын алғаны белгілі. Бұл – мемлекетіміздің егемендігі мен тұтастығына төнетін үлкен қауіп.

📌 Конституцияның 2-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының егемендігі оның бүкіл аумағына таралады. Мемлекет өз жерінің тұтастығын, бөлінбеуін және қол сұғылмауын қатаң қорғайды.

📌 Қылмыстық кодекстің 180-бабы мұндай әрекеттерге нақты жауапкершілікті белгілейді:
▪️ Мемлекетті ыдыратуға шақыру;
▪️ Жария түрде насихат жүргізу;
▪️ Қауіпті мазмұндағы материалдарды тарату немесе сақтау –
10 жылдан 15 жылға дейінгі бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.

Бұл қылмыс үшін ескіру мерзімі қолданылмайды. Яғни, уақыт өткен күннің өзінде кінәлілер заң алдында жауап береді.

Қазақстанда әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтары мойындалады. Бірақ Конституцияның 12-бабында айтылғандай, құқықтарды пайдалану басқа азаматтардың мүддесіне, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына зиян келтірмеуге тиіс.

Қазақстан – біздің ортақ Отанымыз. Оның егемендігі мен аумақтық тұтастығы – қасиетті құндылық. Әр азамат заңға бағынуға, ел бірлігін сақтауға міндетті. Мемлекеттің тұтастығына нұқсан келтіретін кез келген әрекетке жол берілмейді!

Қатысты жаңалықтар

Шымкентте Қарттар күніне орай мерекелік іс шара өтті

bastynews

2 млн тенге отдал шестиклассник из Шымкента за «прокачанный» аккаунт в игре.

bastynews

200 тысяч пар обуви в год – в Шымкенте дан старт предприятию «Nappa.kz»

bastynews