Ақпарат Жаңалықтар

ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАҢА АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖЫЛ РЕСМИ ТҮРДЕ БАСТАЛДЫ

Академик Әбдуәлі Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде 2025–2026 оқу жылының басталуына арналған салтанатты рәсім өтті. Іс-шараны университет президенті, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Нұрлан Әбдімұсаұлы Қуатбеков және университет әкімшілігі ашып, студенттерге академиялық табыс пен шығармашылық серпін тіледі.

Жаңа оқу жылына қадам басқан 1-курс студенттеріне «Білім кілті» табысталды. Бұл рәсім – білім алуға, ғылыми ізденіске және кәсіби дамуға бастайтын символдық қадам болып табылады.

Салтанатты жиынға профессор-оқытушылар құрамы, білім алушылар, ата-аналар, шақырылған меймандар, мектеп директорлары мен серіктес ұйымдардың басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Университет бүгінгі таңда Қазақстандағы жетекші көпсалалы жоғары оқу орындарының бірі ретінде адами капиталды дамытуға, цифрлық трансформация мен білім беру жүйесінің интернационалдануына бағытталған жаңа стратегиялық бағдармен жұмыс істеп келеді.

🔹 Білім беру жүйесі келесі көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылуда:

  • 34 бакалавриат бағдарламасы,
  • 13 магистратура бағдарламасы,
  • 3 докторантура бағдарламасы.

3 факультет және магистратура бөлімі еңбек нарығына бейімделген, кәсіби құзыреттілігі жоғары, әлеуметтік жауапкершілігі бар мамандарды даярлауда маңызды миссия атқаруда.

Университеттің ширек ғасырлық даму траекториясы нәтижелі түлектердің тағылымды жолымен өлшенеді. Бүгінде түлектер қатарында мәслихат депутаттары, аудан әкімдері, мемлекеттік және жеке сектордағы жетекші менеджерлер, ғылыми-техникалық және әлеуметтік салаларда танылған кәсіби тұлғалар бар.

Іс-шара аясында арнайы шақырылған қонақтар мен ата-аналар жастарға ізгі тілектерін білдіріп, олардың ел болашағына қосар үлесінің маңыздылығын атап өтті. Бұл – ұрпақтар сабақтастығы мен білім беру миссиясының өзектілігін көрсететін мәдени-рухани дәстүр.

Жиын соңында жыл сайынғы игі дәстүрге сай, білім мен арманның көкжиегіне жол ашатын символдық шарлар көкке қалықтады. Бұл – университет ұжымының жаңа бастамаларға деген сенімін, білім алушылардың болашағына артылған үмітті бейнелейтін рухани белгі.

Мегаполис жағдайында сапалы білім мен жоғары ғылыми әлеуетке негізделген университет миссиясы – жастардың зияткерлік және тұлғалық дамуына серпін беру, елдің инновациялық болашағына үлес қосатын кадрлар даярлау.

Қатысты жаңалықтар

Масыл болма, асыл бол!

Bastynews

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Bastynews

ЭТНОМЕДИАЦИЯ В СИСТЕМЕ ПРОФИЛАКТИКИ МЕЖЭТНИЧЕСКОЙ КОНФЛИКТНОСТИ

bastynews