Қазіргі білім беру жүйесінің басты миссиясы – тек білім беру емес, сонымен қатар тұлғаны қалыптастыру, адами капиталды дамыту және жаһандық азаматтық сана мен құндылықтар жүйесін сіңіру болып табылады. Осы орайда мегаполис Шымкент қаласында өткен «Құндылыққа негізделген білім: Жаһандық құзыретті мұғалім моделін қалыптастыру» атты мазмұнды семинар педагогтерге жаңаша көзқарас пен кәсіби бағдар берді.
Семинардың басты мақсаты – value-based education, global teacher competencies, social-emotional learning (SEL) және holistic education ұғымдары аясында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, ұлттық құндылықтарды заманауи біліммен сабақтастыру және оқу процесіне құндылықтық мазмұнды тиімді кіріктіру жолдарын қарастыру.
Семинарда көтерілген негізгі мәселелер:
- Құндылыққа негізделген білім берудің педагогикалық және философиялық негіздері;
- Жаһандық құзыретті мұғалім моделін қалыптастырудың әдіснамалық аспектілері (UNESCO-ның “Global Competence Framework” негізінде);
- Ұлттық рухани-мәдени код пен 21st century skills (сыни ойлау, коммуникация, коллаборация, креативтілік) арасындағы сабақтастық;
- Пәндік оқыту мазмұнына құндылықтарды кіріктірудің тиімді әдістері (тарих, география, биология пәндері негізінде);
- Мұғалімнің emotional intelligence, professional resilience және reflective practice дағдыларын дамыту.
Семинар барысында қатысушылар түрлі интерактивті әдістер (brainstorming, concept mapping, value clarification, Socratic dialogue, debate strategies) арқылы тәжірибе алмасып, құндылықтарды оқыту контекстіне енгізудің нақты жолдарын қарастырды. «Құндылық па, білім бе – қайсысы маңызды?» деген сұрақ төңірегіндегі пікірталас – семинардың интеллектуалдық өзегіне айналып, мұғалімдер арасында терең философиялық-методологиялық ойтолғауға жол ашты.
Спикер ретінде сөз алған Шымкент қаласының үздік педагогтері мен білім беру саласының сарапшылары құндылыққа негізделген оқытудың нақты мысалдарын ұсынып, competency-based education, character education, ethics and empathy in teaching секілді заманауи бағыттардың мазмұндық құрылымына тоқталды. Олар оқыту мен тәрбиенің интеграцияланған моделін көрсету арқылы оқушылардың тұлғалық дамуына әсер ететін факторларды ғылыми-әдістемелік тұрғыда саралады.
Семинардың мазмұндық жаңалығы – teacher identity, global citizenship education (GCED) және values alignment in curriculum мәселелерін кәсіби рефлексия арқылы талқылау болды. Мұғалімдердің эмоционалдық тұрақтылығы, өзін-өзі тану, кәсіби құндылықтар жүйесін жетілдіру – семинардың басты векторлары ретінде қарастырылды.
