Жаңалықтар Технология

«3-ЭНЕРГООРТАЛЫҚТЫҢ» ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

«3-Энергоорталық» АҚ-ның инвестициялық бағдарламалар мен тарифтік сметалар бойынша өз міндеттемелерін орындау жұмыстары туралы баспасөз-туры өтті. Іс-шарада мекеменің бас инженері Бақыт Жолдыбаев қазандықтар мен құрылғыларды жаңғырту, қысқы жылыту маусымына дайындық бойынша жұмыстарды баяндады.

Бас инженердің айтуынша, 2025 жылға жөндеу жұмыстарына 1,5 млрд теңге қаралған. Қазіргі уақытта күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Қысқы жылыту маусымына дайындық аясында жоспарланған іс-шаралардың бәрі жүзеге асырылды.
-Жылдың басынан 2 қазандық агрегаты күрделі жөндеуден өтті. Қазіргі таңда үшінші қазандықтың жөндеу жұмыстары аяқталу сатысында. Одан бөлек, бірінші қазандыққа ағымдағы жөндеу жұмыстары да жүргізілуде. Жалпы қысқы жылыту маусымына дайынбыз. 30 қыркүйекке дейін қалған жұмыстардың барлығы аяқталады, – дейді бас инженер.

Инвестициялық бағдарламаны іске асыру алдағы жылыту маусымында қаланы сапалы және үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Орталық өткен жылыту маусымын жоспарға сай өткізген. Шымкент қаласының алдағы жылыту маусымына уақтылы дайындығын және тұрақты өтуін қамтамасыз ету басты назарда тұр.

Қатысты жаңалықтар

200 предпринимателей наказаны за завышение цен на социально-значимые товары в Шымкенте

bastynews

ШЫМКЕНТТІ КӨГАЛДАНДЫРУ: ҚАЛАНЫ ЖАСЫЛ АЙМАҚҚА АЙНАЛДЫРУ ЖОБАЛАРЫ

bastynews

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ДАУЫС БЕРДІ

Bastynews