Ақпарат Қоғам

Кентауда «Жасырын қауіп – вейп» тақырыбында кездесу өтті

Кентау қаласында «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында жастар мен қала тұрғындарына арналған «Жасырын қауіп – вейп» атты кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен және Кентау қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында денсаулыққа зиянды әдеттердің, соның ішінде вейп өнімдерінің алдын алу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және көлеңкелі экономикамен байланысты жаңа түрдегі қылмыстарға қоғамның назарын аудару болды.

Кездесуге Департаменттің Ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы Х.Р. Маматаев, Кентау қаласы әкімінің орынбасары, Полиция бөлімінің бірінші орынбасары, сондай-ақ әртүрлі санаттағы қала тұрғындары қатысты.

Жиын барысында Департамент қызметкері вейптің адам денсаулығына тигізетін зияны туралы баяндама жасап, жасөспірімдер арасында электронды темекінің таралу қаупін түсіндірді. Сонымен бірге интернет-алаяқтық пен «дроп» арқылы жасалатын қылмыстардың тетіктері мен салдары талқыланды.

Кездесу соңында қала тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан толыққанды әрі қанағаттанарлық жауаптар алды.

Қатысты жаңалықтар

Білім саласында да біраз өзгерістер бар

Bastynews

ТУРКЕСТАН: В КЕНТАУ ПРОШЛО МЕРОПРИЯТИЕ ПО УБОРКЕ, ПОСВЯЩЕННОЕ МЕЖДУНАРОДНОМУ ДНЮ «МИР БЕЗ ОТХОДОВ»

bastynews

ТҰРАН АУДАНЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

bastynews