Ақпарат

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ – ӘРБІР БАЛАҒА ТЕҢ МҮМКІНДІК!

Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Қазақстандағы инклюзивті білім беру: дамуында ерекшелігі бар балаларды оқытудағы отандық және халықаралық тәжірибелерді қолдану» тақырыбында республикалық семинар ұйымдастырылды. Бұл маңызды шара жақында ғана университетпен ынтымақтастық келісіміне қол қойған «Алиар» халықаралық академиясымен бірлесіп өткізілді.

Семинар жұмысына білім басқармасы өкілдері, арнайы мектептер мен балабақшалар басшылары, үкіметтік емес ұйым мүшелері, тәжірибелі педагогтар, ата-аналар қауымдастығы және халықаралық сарапшылар қатысты. Оның басты мақсаты – инклюзивті білім беруді дамытудағы тиімді тәжірибелермен бөлісу, сондай-ақ арнайы педагог кадрларының тапшылығын еңсеруге бағытталған шешімдер ұсыну болды.

Өңіріміздегі инклюзивті білім беру жүйесінің сапасын арттыруда университеттің рөлі ерекше. Қазіргі уақытта университетімізде инклюзивті білім беру бағытында арнайы педагог мамандарды даярлауға үлкен көңіл бөлініп отыр. Осы салаға қатысты білім алушылар саны жылдан-жылға артуда: бакалавриатта 200-ден астам студент, магистратурада 20-дан астам магистрант білім алуда. Бұл – еліміздегі инклюзивті білім беруді нығайтуға бағытталған нақты қадам.

Білім беру тек оқыту емес, әрбір баланың жан-жақты дамуына, әлеуетін толық ашуына бағытталған күрделі процесс. Инклюзивті білім беру ұстанымы – әділеттілік пен тең мүмкіндіктердің кепілі. Бұл бағытта жүйелі түрде жүргізіліп жатқан жұмыстар еліміздің білім беру саласындағы жаңғыруы мен әлеуметтік әділдікке қол жеткізуге зор үлес қосуда.

Арнайы педагогтар – инклюзивті қоғамның тірегі. Оларды сапалы даярлау – біздің кәсіби және адами борышымыз. Осы міндетті жүзеге асыруда университетіміздің үлесі ерекше. Жастарды инклюзивті білім берудің заманауи әдістерімен қамтамасыз ету, оларға қажетті білім мен тәжірибе беру – болашақ қоғамның дамуының кепілі.

Осы орайда, Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруде еліміздің алдыңғы қатарлы білім беру мекемелерінің бірі ретінде қалыптасуда. Біздің мақсат – әрбір баланың білім алуына тең мүмкіндік жасап, оны өмірге толыққанды бейімдеуге жағдай туғызу.

Семинар нәтижесінде ұсынылған барлық бастамалар мен стратегиялар білім саласындағы сапалы өзгерістерге жол ашатынына сенімдіміз. Инклюзивті білім берудің дамуы – қоғамымыздағы барша адамның құқығын қорғау мен білім беру сапасын арттырудың басты факторларының бірі болып қала береді.

Қатысты жаңалықтар

«КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ»: ҚАЗАҚСТАНДА 112 ЖАҢА БІЛІМ ОРДАСЫ АШЫЛАДЫ

bastynews

ШЫМКЕНТ: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 30 МЫҢ ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ БІР РЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛЕДІ

Bastynews

Атомды бейбіт мақсатта қолданудың артықшылығы

bastynews