Ақпарат Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНДЕ ТҰРАҚТЫ ӨСІМ БАР

Биылғы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қаланың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде тұрақты өсім бар. Қаланың қысқа мерзімді экономикалық өсімі 11,6 пайызды құрап, республика бойынша алғашқы 3-орынға көтерілген (2023 жылдың тиісті кезеңінде – 6 орынды құраған). Қаладағы әлеуметтік-экономикалық ахуалдың жақсаруына байланысты, жергілікті бюджеттің түсімдері артқан. Биыл бюджет шығыстарының көлемі 764,0 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 107,0 млрд теңгеге көбейді. Ал, бюджет түсімдерінің көлемі 61 млрд теңгеге ұлғайып, 404 млрд теңгеге жетті. Бүгінгі таңда оның 272 млрд теңгесі түсіп, жоспар 19,8% – ға артығымен орындалды. Бюджет көлемі артуына байланысты халықтың табысын арттыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Биыл жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жалақысы төмен 15 мыңға жуық қызметкерге қосымша 50 мың теңге үстемақы тағайындалып, ең төменгі жалақы 140 мың теңгеге көтерілді. Оған жергілікті бюджеттен 8,1 млрд теңге бағытталды. Сонымен қатар, биылдан бастап кәсіпкерлікті дамытуға, кеңейтуге, қаржы айналымын ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беру мақсатында бөлшек салық мөлшерін 4 пайыздан 2 пайызға төмендетілді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 5 МЫҢ ОРЫНДЫҚ ЖАҢА МЕШІТ БИЫЛ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕ БАСТАЙДЫ

bastynews

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ТҮРКІСТАНДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

bastynews

ҚАЗАҚСТАНДА ӘЙЕЛДЕР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН MICS-2024 БАСТАЛДЫ

bastynews