Ақпарат Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕГІ БАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКТЕПТЕР ІШКІ САНИТАРИЯЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА ТОЛЫҚ САЙ КЕЛТІРІЛДІ

Шымкент қаласында білім беру ұйымдарын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және оқушыларға қолайлы санитариялық жағдай жасау бағытында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылды. 2025 жылдың шілде айындағы жағдай бойынша, қаладағы барлық 162 мемлекеттік жалпы білім беру мектебінде сыртқы әжетханалар толықтай жабылып, тек ішкі санитариялық тораптар ғана қолданысқа берілді.

Аталған жұмыстар Мемлекет басшысының және Үкіметтің білім беру ұйымдарының санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүргізілді. Бұл бастама білім беру ортасын заманауи талаптарға сәйкестендіруге, оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Шымкент қаласы әкімдігі мен Білім басқармасы тарапынан мектептердің санитариялық жай-күйін жақсарту бойынша нақты іс-шаралар жоспары әзірленіп, кезең-кезеңімен жүзеге асырылды. Нәтижесінде:

  • Қаладағы барлық 162 мемлекеттік мектеп ішкі әжетханамен 100% қамтамасыз етілді;
  • Барлық сыртқы санитариялық тораптар санитарлық талаптарға сәйкес толықтай жабылды және пайдаланудан шығарылды;
  • Ішкі әжетханаларда гигиеналық талаптарға сай жылыту, жарықтандыру, желдету жүйелері мен сумен жабдықтау құралдары орнатылды;
  • Арнайы санитарлық кабиналар мүмкіндігі шектеулі оқушыларға бейімделген.

Бұл жұмыстар мектеп оқушыларына және педагогикалық құрамға күнделікті тұрмыстық қолайлықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық қауіптердің алдын алуға бағытталған.

Бұдан бөлек, Шымкент қаласындағы барлық мемлекеттік мектептер 100% орталықтандырылған ауыз су желісіне қосылған. Яғни, 162 білім беру мекемесі толықтай таза және қауіпсіз ауыз сумен қамтылған. Бұл – балалар денсаулығына тікелей әсер ететін негізгі факторлардың бірі.

Ауыз судың сапасы мен үздіксіз берілуі тұрақты бақылауда ұсталып отыр. Қала әкімдігі мен тиісті коммуналдық мекемелер тарапынан техникалық тексеріс, жүйелік тазалау және су сынамаларын алу жұмыстары кезең сайын жүзеге асырылып келеді.

Шымкент қаласында білім беру саласы бойынша жасалып жатқан мұндай жүйелі өзгерістер оқушылардың білім алу ортасын қауіпсіз, жайлы әрі заман талабына сай етуге бағытталған. Ішкі әжетханалар мен ауыз су жүйелерінің жетілдірілуі — баланың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін фактор. Бұл өз кезегінде:

  • Жасөспірімдердің гигиеналық мәдениетін қалыптастыруға;
  • Қыз балалар үшін ерекше жағдай жасауға;
  • Қауіпсіздік талаптарын күшейтуге;
  • ЖРВИ, ішек инфекциялары сынды санитарлық тәуекелдердің алдын алуға ықпал етеді.

Қатысты жаңалықтар

Қазығұрттық ауылда 20 000-ға жуық мал бар

Bastynews

ТҮРКІСТАН: СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ САУРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Bastynews

ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ «PFIZER» ВАКЦИНАСЫ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ?

Bastynews