2025 жылғы 5 маусымда Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен 2025–2026 оқу жылына жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылды. Аталған бұйрыққа сәйкес, магистрлер мен PhD докторларын даярлауға қатысты мемлекеттік тапсырысты орындайтын жоғары оқу орындарының тізбесі бекітілді. Атап айтқанда, магистрлерді даярлауға арналған бағыттар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы келесідей бөлінді: педагогика және психология – 32 ЖОО, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу – 12 ЖОО, пәндік мамандығы жоқ мұғалімдерді даярлау – 18 ЖОО, дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау – 15 ЖОО, құқық және экономика негіздері – 2 ЖОО, математика мұғалімдерін даярлау – 24 ЖОО, физика мұғалімдерін даярлау – 22 ЖОО, информатика мұғалімдерін даярлау – 27 ЖОО, химия мұғалімдерін даярлау – 24 ЖОО, биология мұғалімдерін даярлау – 24 ЖОО, география мұғалімдерін даярлау – 17 ЖОО, тарих мұғалімдерін даярлау – 20 ЖОО, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау – 28 ЖОО, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау – 23 ЖОО, шет тілі мұғалімдерін даярлау – 31 ЖОО, әлеуметтік қызметкерлер – 4 ЖОО, сән және дизайн – 10 университет, философия және этика – 7 университет, тарих – 16 университет, аударма және ілеспе аударма – 12 университет, филология – 16 ЖОО, саясаттану және конфликтология – 8 университет, халықаралық қатынастар – 13 университет, психология – 17 ЖОО, журналистика және репортаж – 10 ЖОО, экономика – 47 ЖОО, мемлекеттік және жергілікті басқару – 29 ЖОО, менеджмент – 46 ЖОО, аудит және салық салу – 29 ЖОО, қаржы, банк және сақтандыру – 39 ЖОО, құқық – 38 ЖОО, қоршаған ортаны қорғау технологиясы – 23 ЖОО, ақпараттық технологиялар – 44 ЖОО, жылу энергетикасы – 12 ЖОО, энергетика және электротехника – 24 ЖОО, көлік, көлік техникасы және технологиялары – 19 ЖОО, ғарыштық инженерия – 4 университет, қоғамдық денсаулық сақтау – 10 ЖОО, медицина – 11 ЖОО, туризм – 14 ЖОО, азық-түлік өндірісі – 12 ЖОО, құрылыс – 14 ЖОО және басқа да мамандықтар қамтылған. Бұйрық қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енді. Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары оқу орындарына қабылдау тәртібіне өзгерістер енгізілгенін хабарлаған болатын.
Алдынғы жаңалық