Ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫНА ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІКТІ САҚТАУ ШАРАЛАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДE

Түркістан облысында әйелдер қауымы халықтың 49 пайызын құрайды. Олар қоғамның түрлі саласында табысты еңбек етіп, ел дамуына өз үлесін қосуда. Республикадағы көпбалалы аналардың 185 мыңнан астамы осы өңірдің тұрғындары. Мемлекеттік қолдау шаралары нәтижесінде, әсіресе кәсіпке баулу мен жұмыспен қамту арқылы атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны жылдан-жылға азаюда, бұл өңірде әлеуметтік тұрақтылық пен отбасы әл-ауқатының жақсарғанының айқын көрсеткіші.

Гендерлік теңдікті сақтау, отбасы институтын нығайту, ана мен бала құқықтарын қорғау, ерте жүктілік пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында кешенді жұмыстар атқарылып жатыр. Әйтсе де, тұрмыстық қиындықтар мен отбасылық келіспеушіліктер кей жағдайда әйелдер мен жасөспірімдерге қарсы құқықбұзушылықтарға әкеп соғуда. Осы мәселелердің алдын алу үшін жүйелі қолдау мен алдын алу шаралары әлі де өзектілігін сақтап отыр.

Түркістан облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында күн тәртібіне төрт маңызды мәселе қойылып, комиссия мүшелерімен кеңінен талқыланды. Баяндамалар мен аудандық, қалалық деңгейдегі комиссия төрағаларының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, нақты ұсынымдар мен практикалық шешімдер сараланды.

Отырыста жазғы демалыс кезеңінде балалар қауіпсіздігіне, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға ерекше назар аудару қажеттігі айтылды. Білім беру мекемелерінен бастап колледждер мен ауыл-аймақ деңгейіндегі орындарға дейін бақылау күшейтіліп, алдын алу шараларын жандандыру тапсырылды. Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкерлер мен құқық қорғау органдары, мектеп әкімшіліктері мен ауылдық округтер бірлесіп балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруы қажет екені атап өтілді.

Бұл тек бір ғана құрылымның емес, барлық жауапты басқармалар мен мекемелердің, аудан және қалалық әкімдіктердің, жалпы қоғамның бірлесіп атсалысуын талап ететін күрделі де маңызды бағыт. Сондықтан бұл мәселеге жүрдім-бардым қарамай, барлық тараптар белсене, жүйелі түрде әрекет етуі қажет. Тек осындай ортақ күшпен ғана біз отбасы тұрақтылығын, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдағы өзара сыйластық пен әділдікті нығайта аламыз.

Түркістан облысы бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып, әйелдер қауымының құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, отбасы институтын қорғау, жас ұрпақтың қауіпсіз ортасында өсуін қамтамасыз ету бойынша көшбасшы өңірлердің бірі болып отыр.

Әйелдер қауымы – қоғамның тірегі, отбасы мен болашақтың кепілі!

Қатысты жаңалықтар

Заморозки до −6°C и грозы в ближайшие дни охватят Казахстан

bastynews

Каналдар механикалық тазалаудан өтуде

Bastynews

ТҮРКІСТАН: БІРЫҢҒАЙ ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАНЫ ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

bastynews